05.05.2015, 09:41 3683

ҚР Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясыныӊ Жеткшісімен кездесті

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтыӊ ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Бюросыныӊ (ДИАҚБ) Қазақстан Республикасыныӊ Президентініӊ кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі Миссиясыныӊ Жеткшісі Корнелия Йонкермен кездесті

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылы 4 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтыӊ ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Бюросыныӊ (ДИАҚБ) Қазақстан Республикасыныӊ Президентініӊ кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі Миссиясыныӊ Жеткшісі Корнелия Йонкермен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан сыртқы саяси мекеме басшысы Миссияға атқарылған жұмысы үшін алғысын білдіріп, сайлауды тиімді ұйымдастырғаны жөнінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ оӊ бағасын қолдады, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

К. Йонкер өз кезегінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясын шақыру мен оныӊ Қазақстандағы жұмысына тәжірибелік тұрғыда ықпал жасағаны үшін алғысын жеткізді.

Е. Ыдырысов атап өткендей, дауыс беру нәтижелері халықтыӊ іс жүзінде ұлт Көшбасшысын, оныӊ тұрақтылық саясаты мен еліміздіӊ біраз жылдарға жан-жақты әрі нық қадаммен дамуын қолдайтынын анық көрсетті. Министр К. Йонкерді жемісті жүзеге асырылып отырған адам капиталына инвестиция құю саясатымен, Қазақстандағы алдағы уақыттағы институционалдық реформалар мен модернизациялау жөніндегі Ұлттық комиссияны құру үдерісімен, соныӊ ішінде жоғары білікті үкімет құру, заӊ үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттіӊ есепті болуын арттыру және экономиканы диверсификациялау мәселелерімен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ мен оныӊ институттарымен дәстүрлі белсенді қарым-қатынасты әрі қарай нығайта беру туралы келісімге қол жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны