23.01.2017, 21:22 5353

ҚР Сыртқы істер министрі сириялық үкімет және оппозиция делегацияларыныӊ басшыларымен кездесті

Осы күні сириялық оппозиция делегациясыныӊ жетекшілігімен кездесу өтті, шарада Астанада өтетін келіссөзге дайындық мәселесі талқыланды.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 22 қаӊтары күні кешке Сыртқы істер министрі Қайрат Ибдрахманов Астанада өтетін сириялық дағдарысты реттеуге бағытталған халықаралық кездесудегі сириялық үкімет делегациясыныӊ басшысы, БҰҰ Сириялық Араб Республикасыныӊ тұрақты өкілі Башар Ил-Джафаримен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанныӊ сыртқы істер ведомствосыныӊ жетекшісі Қ. Ибдірахманов Қазақстан БҰҰ-н Сирия дағдарысына қатысты келіссөздерді ұйымдастыру үрдісініӊ басты қатысушы тарапы ретінде танитынын және Астанада өтетін кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздердіӊ кезекті отырысын өткізуге оӊ әсерін тигізетінін білдірді. "Қазақстан және оныӊ Президенті Н.Назарбаев ішкі сириялық дауды шешу үшін саяси шешім табу мен оқты тоқтату режимін нығайту бойынша халықаралық әсер етуге мүдделі", - делінген хабарламада.

Осы күні сириялық оппозиция делегациясыныӊ жетекшілігімен кездесу өтті, шарада Астанада өтетін келіссөзге дайындық мәселесі талқыланды.

Екі делегация жетекшілері басшылық пен Қазақстан халқына Сириядағы даудыӊ бейбіт шешілуіне үлес қосып, кездесуге барынша жағдай жасағандары үшін алғыс білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны