19.06.2015, 12:17 3362

ҚР Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 көрмесініӊ Комиссары Рәпіл Жошыбаевтыӊ Лондонға сапары өтті, деп хабарлайды сыртқы істер водомствосы.

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Сапар барысында болған кездесулердіӊ аясында британиялық компаниялар үшін ЭКСПО-2017 көрмесініӊ таныстырылымы өтті және оған көрмеге қатысуға және көрме нысандарын кейінірек пайдалануға қызығушылық танытқан 70-ке жуық британиялық компаниялардыӊ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шара барысында Р.Жошыбаев алдағы көрмеге кеӊ ауқымда дайындық жүріп жатқандығын, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу шарттары және оған қатысушылар үшін жасалатын кедендік, салықтық жеӊілдіктер туралы айтып өтті. Көрменіӊ халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отырғаны айтылды. ЭКСПО-2017-ге әлемніӊ 100 мемлекетінен 5 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ұлыбританияныӊ Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Т.Элвудпен кездесуі барысында екіжақты стратегиялық әріптестік пен визалық режимді жеӊілдету мәселесі сөз болды. Британия тарапы ЭКСПО көрмесініӊ Астанада ұйымдастырылуы технологиялардыӊ ағылып, ғылыми базаныӊ нығайтылып, Қазақстанныӊ халықаралық аренадағы имиджініӊ жоғарылауына ықпал ететіні айтылды.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесініӊ комиссары Р.Жошыбаев сонымен қатар британияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесіп, оларды астаналық көрме туралы шет мемлекеттерде кеӊінен насихатталуына үлес қосуға шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны