05.05.2015, 09:43 3737

ҚР Сыртқы істер министрлігінде химиялық қаруға тыйым салу мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымныӊ (ХҚТСҰ) Бас директоры Ахмет Узюмджюмен кездесті

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - Ү. ж. 4 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымныӊ (ХҚТСҰ) Бас директоры Ахмет Узюмджюмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл аталған халықаралық ұйым басшысыныӊ Қазақстанға алғаш рет келуі, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Қазақстан ХҚТСҰ-мен ынтымақтастыққа зор көӊіл бөлетіндігін атап өтті. "Сіздіӊ сапарыӊыз мемлекеттік және өӊірлік деӊгейлерде химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жетілдіруге бағытталған ықпалдастыққа қосымша екпін береді деп сенеміз", - деп атап өтті ҚР сыртқы саяси мекеме басшысы.

Е. Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан Республикасы жаппай қырып жою қаруын таратпау қағидасын толық ұстанады және Химиялық қаруға тыйым салу конвенциясына сәйкес өзініӊ міндеттерін толық атқаруда, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ №1540 қарарын орындауда жүйелі шараларды іске асырады.

"Қазақстанныӊ қарусыздандыру және таратпау салалардағы саясаты еліміздіӊ сыртқы саяси бағытымен анықталады, оныӊ негізінде халықаралық қауіпсіздікті ұстану, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаһанды мәселелер мен жанжалдарды реттеуде халықаралық ұйымдар беделін арттыру жатыр. Жаппай қырып жою қаруды таратпау қағидасын ұстану Қазақстан Республикасы сыртқы саясатыныӊ негізгі басымдықтарыныӊ бірі болып табылады", - деді Министр.

А. Узюмджю Қазақстанды Ұйым жұмысына белсенді қатысуы мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол "Қазақстан Республикасы Ұйымныӊ химиялық қаруға тыйым салу қызметіне белсенді қатысады және Химиялық қаруға тыйым салу конвенция мүше мемлекеттер конференциясыныӊ жыл сайынғы сессиялары мен шараларына қатысады", - деп атап өтті.

Е. Ыдырысов Қазақстанныӊ Ұлттық химиялық қауіпсіздік жөніндегі орталығын құруда мүдделілігін айтып, және ол болашақта өӊірлік деӊгейдегі орталыққа айналуы мүмкіндігін атап өтті.

Тараптар, сонымен қатар, ү.ж. шілдеде Қазақстанда ХҚТСҰ аясында өтетін химиялық қауіпсіздік жөніндегі команда-штабтық оқуларына дайындық мәселелерін талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны