22.01.2010, 18:45 3076

ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымына іздеу жарияланды - Бас прокуратура

ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымына іздеу жарияланды - Бас прокуратура

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваға іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Менің білуімше, оған іздеу жарияланды. Оған қатысты қылмыстық іс әлі де қаржы полициясының иелігінде. Ал оның ұсталмай отыруының себебеін жедел іздестіру қызметі бөлімшешерінен сұрау керек", - деді Н. Сүйіндіков.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Статистика агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевқа, сондай-ақ, "Фирма КИІК" ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржановқа қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. Қазір айыпталушылар мен олардың қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Осы қылмыстық істі тексеру барысында санақ құралдарын сатып алуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлауға ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваның қатысы бар екендігі анықталды. Мешінбаеваға қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Тергеу мүддесіне сай әзірге басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны