02.07.2010, 18:12 3153

ҚР Статистика агенттігінің лауазымды тұлғалары мемлекетті мүлікті жымқырды деген айппен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

Сот үкіміне сәйкес, С. Тұржановтың мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, Н. Баянов пен Б. Меңдібаевтың да мүліктері тәркіленіп, алты және бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today Бүгін Астана сотының Сарыарқа ауданды сотынд судья Ерлан Тасыров ҚР Статистика агенттігі төрайымының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевқа, сондай-ақ, "Фирма КИІК" ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сот үкіміне сәйкес, С. Тұржановтың мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, Н. Баянов пен Б. Меңдібаевтың да мүліктері тәркіленіп, алты және бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, "ҚР Статистика агенттігі төрайымының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаев, сондай-ақ, "Фирма КИІК" ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржанов 2009 жылы ұлттық халық санағы кезінде бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыпталған болатын.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім еткендей, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізуге мемлекет 1 млрд 144 млн теңге бөлген.

"Аталған бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өткізілген жедел тергеу іс-шараларының нәтижелерінде келесі мән-жайлар анықталды. Статистика агентігінің лауазымды тұлғалары мемлекетпен қарастырылып бөлінген қаражатты алдын-ала асырып көрсеткен, тіпті, кейін оны ысырап еткен",- деді М.Жұманбай.

Қаржы полициясының мәліметінше, Ұлттық халық санағы шын мәнінде 379 млн теңгеге өткізілгені, ал қаражаттың 764 млн 800 мың теңге мөлшеріндегі бөлігі лауазымды тұлғалар мен жеке кәсіпорындардың басшыларымен ысырап етілгені тергеумен анықталып отыр.

" Осы қылмыстық істі тексеру барысында санақ құралдарын сатып алуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлауға ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваның қатысы бар екендігі анықталды. Өткен жылдың 2 қазанында ол демалыс алып, Анталияға ұшып кеткен, сол жақтан бүгінгі күнге дейін оралған жоқ. Өткен жылдың 6 қарашасында оған бюджет қаржысын ұрлады деген сырттай айып тағылды. 10 қарашада соттың тұтқындау жөніндегі санкциясымен оған мемлекетаралық іздеу жарияланды", - деді ол.

Оның айтуынша, Мешінбаеваға қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, тексеріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны