27.10.2009, 16:03 3431

ҚР Статистика агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

ҚР Статистика агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Статистика агенттігінің жаңа төрағасы болып Илихан Смайылов тағайындалды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ҚР Статистика агенттігінің төрағасы болып Илихан Смайылов тағайындалды. Мен И.Смайыловты ҚР Статистика агенттігінің төрағасына тағайындау туралы қаулыға қол қойдым", - деді Кәрім Мәсімов.

Илихан Смайылов бұған дейін ҚР қаржы вице-министрі болған.

Үкіметтің отырысында мәлім болғанындай, ҚР Статистика агенттігінің бұған дейінгі төрайымы Анар Мешінбаева өз өтініші бойынша қызметтен кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны