04.02.2014, 19:20 16576

ҚР ТМРА жанынан тарифтік саясат бойынша қоғамдық кеңес құрылды

Қоғамдық кеңес тарифтерді құруда жұртшылықтың рөлін күшейту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде ашықтықты арттыру мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында құрылған.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жанынан Тарифтік саясат бойынша қоғамдық кеңес құрылды.

Ведомствоның хабарлауынша, кеңестің бірінші ұйымдастыру отырысы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттары Ерсұлтан Бектұрғановтың, Светлана Романовскаяның, Мұхтар Тінікеевтің, "Нұр Отан" партиясының хатшысы Эльдар Сыздықовтың, Тау-кен өндіру және тау-кен-металлургия кәсіпорындары ассоциациясының атқарушы директоры Николай Радостовецтің, "Қазақстан энергетикалық ассоциациясы" басқармасының төрағасы Шаймерден Оразалиновтың, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық өкілі Елена Попандопулоның және басқа да үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуларымен өтті.

Отырысты аша отырып, Агенттік төрағасы Мұрат Оспанов бұл Қоғамдық кеңес тарифтерді құруда жұртшылықтың рөлін күшейту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде ашықтықты арттыру мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында құрылғанын атап өтті.

"Отырыс тоқсан сайын өтетін болады. Онда біз азаматтардың қызығушылықтарын тудыратын және халықтың барлық топтарын қамтитын тариф құру мәселелерінің қағидалық мәселелерін талқылайтын боламыз", -деді ол.

Отырысқа қатысушылар агенттіктің бастамасына колдау көрсетіп, оны тариф белгілеу мәселелерін талқылауға және бірлесіп шешім қабылдауға арналған тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналдыруды ұсынды.

Агенттік басшысының айтуы бойынша, оның құрамына барлық тілек білдірушілер - көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, тәуелсіз сарапшылар, саяси партиялар, салалық қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қауымдастықтар, зерттеу институттары өкілдері мен ғалымдар кіре алады.

"Ол үшін біздің Агенттікке өтініш білдіріп, өзінің қатысуын нақтыласа болғаны. Кеңес табиғи монополиялар саласындағы тариф құрудың басты мәселелері бойынша шешім қабылдаудың қоғамдық орталығы болуы тиіс және оның қызметі БАҚ-та міндетті түрде жарияланып тұруы қажет", - деді М. Оспанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны