29.03.2010, 12:34 2961

ҚР төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, адамдарды құтқарудағы басты қиындықтар жол қызметінің осал дамуы мен техниканың жеткіліксіздігі салдарынан кездесуде

ҚР төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, адамдарды құтқарудағы басты қиындықтар жол қызметінің осал дамуы мен техниканың жеткіліксіздігі салдарынан кездесуде

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, адамдарды құтқарудағы басты қиындықтар жол қызметінің осал дамуы мен техниканың жеткіліксіздігі салдарынан кездесуде. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today

Алматы облысының Қызылағаш ауылындағы ахуал жайлы хабар берген В.Божконың айтуынша, "белгілі бір сұрақтар туындап отыр, бірқатар жолдар әлі де жабық, жол техникасы жетіспей отыр". Осыған байланысты ол атап өткендей, "биылғы маусым көптеген проблемалардың пайда болуына басты себеп жол қызметінің осал дамуы мен техниканың жеткіліксіздігі салдарынан туындайтын көрсетіп берді".

Бұған қоса Кәрім Мәсімов кеңес барысында үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеевке жағдаймен сол жерде танысу үшін үкіметтік топпен бірге осы аптада ол жаққа ұшып баруды тапсырды. "Облыс әкімімен бірге жергілікті жердегі жағдаймен танысып, сол жерде шешім қабылдауды тапсырамын, оларды біз үкіметтік деңгейде бекітеміз",- деді ол.

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың мәліметінше, қазір ауылдағы жағдай қалпына келе бастады. Осы орайда облыс әкімі Қызылағаш ауылындағы ахуал жайлы кейбір БАҚ-тар таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды деп атап көрсетіп, БАҚ өкілдерінен "шынайы ақпарат беруді" сұрады. "Мәліметтер қажет болса, біз БАҚ өкілдеріне оны бере аламыз. Жағдайды өз көздерімен көргісі келсе, бір арнайы көлік береміз, барып көріп, жаза берсін", - деді С. Үмбетов.

Облыс әкімінің мәліметінше, қазіргі жағдаймен барлық 7000 адамнан 4000 адам ауылға оралды. Алдын-ала мәліметке сәйкес, су шайып кеткен үйлердің саны 1180 болды, соның ішінде 520 үйді қалпына келтіру мүмкін емес. 50 мың басты мал қырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны