29.05.2007, 13:00 2521

ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өз авиапаркін біртіндеп қайта жабдықтамақшы

АСТАНА. 29-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өз авиапаркін біртіндеп қайта жабдықтамақшы. Бұл туралы мекеме басшысы Виктор Храпунов бүгін үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларын 1,5-2 сағаттың ішінде мемлекеттің кез-келген жеріне жеткізу мүмкіндігіне қол жеткізу мақсатына, сондай-ақ, табиғи және көп қабатты үйлердегі өрттермен тиімді күресу мақсатына сәйкес министрліктің авиациялық паркін апаттан құтқарушы және көп мақсатты тікұшақтармен, сондай-ақ, БЕ-200-ЧС және АН-74ТК-200 транспорттық ұшақтарымен біртіндеп қайта жабдықтау көзделуде",- деді В.Храпунов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны