15.03.2007, 14:40 3536

ҚР төтенше жағдайлар министрлігі табиғи өрттерді, экологиялық ахуал мен сейсмологияны ғарыштық жер серіктерінің көмегімен қадағаламақшы

АСТАНА. 15-наурыз .Kazakhstan Today. ҚР төтенше жағдайлар министрлігі табиғи өрттерді, Каспий теңізінің айданындағы экологиялық ахуалды қадағалау мен жер сілкінісі туралы ескерту үшін жер қыртысы ахуалына мониторинг жүргізуді ғарыштық жер серіктерінің көмегімен жүзеге асырмақшы, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ғарыштық мониторингті пайдалану арқылы біз орман және дала өрті шыққан жер мен уақытын үлкен шынайылықпен анықтап, сол арқылы өрт ошағын жойып, адам және материалдық шығындарды азайтатын боламыз",- деді бүгін республиканың төтенше жағдайлар министрлігінде өткен кеңейтілген кеңесте мекеме басшысы Виктор Храпунов. "Біз үкіметтен осы мәселені қарап, әрбір өңір мен ҚР астрофизикалық зерттеулер орталығы арасында жыл бойы жер серіктерінен жан-жақты ақпарат алып отыру жөнінде келісім-шарт жасасуға шара қолдануды сұрайтын боламыз",- деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен осындай келісім-шарты Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстық әкімшіліктерімен жасалған. "Осы келісімдер бойынша ақпаратттар алу жылына орта есеппен 2 млн теңге болады",- деді министр.

Сонымен бірге В.Храпуновтың айтуынша, ол басқаратын мекеме жер серіктерінен алынған ақпаратты жер сілкінісінің алдын алуда пайдаланбақшы. "Жамбыл облысындағы жер сілкінісі алдында топырақтың температурасы өзгерген. Атап айтсақ, Құландыда болған жер сілкінісі кезінде жер қыртысының температурасы көтерілген... Осындай ауытқушылықтарды зерттеу бізге мүмкін жер сілкінісінің алдын алуға жол ашатын еді",- деді ол.

Төтенше жағдайлар министрі сонымен қатар жер серігінен алынған ақпарат түрлі аумақтардың өнеркәсіптік ластану деңгейін айқындауға мүмкіндік береді. "Бұл мәліметтерді Каспий теңізі айдынының ахуалына мониторинг жүргізуге пайдалануға болар еді. Біз соның арқасында Каспий теңізінің айдынында бизнесті қаралықпен жүргізетін адамдарға шұғыл шара қолдана аламыз. Ирине бұл жұмыс қоршаған ортаны қорғау және энергетика және минералды ресурстар министрліктерімен тізе қоса жүзеге асырылады",- деді В.Храпунов.

Өз кезегінде ҚР астрофизикалық зерттеулер орталығы бас директорының орынбасары Лев Спивактың айтуынша, Қазақстан орман өрттеріне мониторинг жүргізу үшін Ресеймен біртұтас жүйе орнатуы қажет. "Ресейде басталып, Қазақстанға қарай ойысатын, сондай-ақ, Қазақстанда басталып, Ресейге қарай ойысатын өрттер бар. Ормандағы өрт кімнің кінәсінен басталғанын және шығынды кім өтеуге тиіс екенін анықтау үшін біртұтас ғарыштық мониторинг жүйесін құру қажет. Техникалық тұрғыда бұл пробелманы шешуге болады. Мәселе тек оны ұйымдастыруда",- деді Л.Спивак.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны