15.03.2007, 15:09 3159

ҚР төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайлардың алдын алудың корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің пилотты жобасын іске қосады

АСТАНА. 15-наурыз .Kazakhstan Today. ҚР төтенше жағдайлар министрлігі 2007-жылы төтенше жағдайлардың алдын алудың корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің (КАКЖ) пилотты жобасын іске қосады. Бұл туралы бүгін төтенше жағдайлар министрлігінде өткен кеңейтілген кеңесте мекеме басшысы Виктор Храпунов мәлім етті, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз биыл төтенше жағдайлар министрлігінің КАКЖ пилотты жобасын іске қосу үшін төрт-бес облыс орталығы мен Астана және Алматының ақпараттық және коммуникациялық мүмкіндіктерін нақты біріктіреуге талпыныстар жасаймыз",- деді В.Храпунов. Оның айтуынша, бұл жүйе келешекте "бүкіл ел аумағындағы ахуалды қадағалауға мүмкіндік береді".

Алматы қалалық ақпараттық жүйелер орталығының директоры Валерий Хванның хабарлауынша, қазірде ол басқаратын кәсіпорын төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырысымен КАКЖ тұжырымдамасы мен осы жүйені құрудың техникалық -экономикалық негіздемесін жасап шығарған. "КАКЖ бірінші кезекте сейсмологиялық, су тасқынына қатысты, метеорологиялық, жұқпалы аурулар мен өрттер жайындағы мәліметтер секілді оперативтік ахуалға мониторинг жүргізу және бағалауға қатысты ақпараттарды қамтиды",- деді В.Хван. Сонымен бірге оның айтуынша, бұл жүйеге Қазақстандағы ахуалға жалпы ғарыштық мониторинг жүргізуге қатысты мәліметтер мен геоақпараттық (катографиялық) жүйе де енеді.

"Іс жүзінде осы жоба аясында төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінің барлық есептік және басқару функцияларын біртұтас ақпараттық-коммуникациялық ортаға біріктіру жүзеге асырылады. Бұл қабылданатын шешімдердің жылдамдық деңгейін көтеру мен министрліктің бөлімшелері арасында ақпарат алмасу оперативтілігін арттыруға жол ашады",- деді В.Хван. Ол сонымен бірге КАКЖ-ні "электронды үкімет" жүйесіне біріктіруге болатынын, жүйенің жобасын жасаушылар осы мүмкіндікке оң қорытынды шығарғанын атап өтті.

Өз кезегінде В.Храпунов сонымен бірге жүйеге республикалық геологиялық институтында жобасы жасалған сандық жүйедегі карта да біріктірілетінін айтты. "Бұл картада Қазақстан аумағында бүгін болып жатқан жайттарды нақты уақыт режимінде көріп отыруға мүмкіндік бар". "Жүйенің жалпы құны 13 млрд теңгеге жетіп жығылады. Бүгінгі таңда республикалық және жергілікті бюджеттен мұндай қаржы табылмайды. Сол себепті біз болашақта жүцені қолданысқа енгізуге қажетті қаржыны алу үшін пилотты жоба түрінде жүйеге тым құрыса алты қаланы біріктірмекпіз",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны