07.10.2009, 13:33 1706

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі 2 млрд астам теңгенің мақсатсыз пайдаланылу дерегін жасыруға талпынды - қаржы полициясы

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі 2 млрд астам теңгенің мақсатсыз пайдаланылу дерегін жасыруға талпынды - қаржы полициясы

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалин 2 млрд астам теңгенің мақсатсыз пайдаланылу дерегін жасыруға талпынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2 қазанда Сабдалинге аса ірі көлемде пара беруді ұйымдастырды деген айып тағылып, Астана қалалық Сарыарқа аудандық соты оны қамауға алуға санкция берді. Белгілі болғанындай, Сабдалин параны қаржы полициясы қызметкеріне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті анықтаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2 млрд астам теңгені мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша тергеу алдындағы тексеруде оң шешім шығарту үшін беріп жіберген", - деді М. Жұманбай.

"Делдал рөлін ТЖМ-нің бір департаментінің директоры атқарған, ол 30 мың доллар көлеміндегі параны беріп жатқан кезде ұсталды, бұдан кейін ол қылмыстық іздестіру органдарымен ынтымақтасуға көшті. Делдал Сабдалинге параны бергенін хабарлап, одан қаржы полициясы қызметкерлеріне беретін қалған 15 мың доллар қаржыны алған", - деді М. Жұманбай.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалин қаржы полициясы қызметкеріне аса ірі көлемде пара беруді ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Дәмежан Есенбековаға сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде қаржы полициясы қызметкеріне аса ірі көлемде - 45 мың доллар - пара беруді ұйымдастырды деген күдікпен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалин қамауға алынды. Сабдалин параны тергеу алдындағы тексерулердің материалдары бойынша шара қолданбау үшін ұсынған", - деді Д. Есенбекова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны