13.01.2014, 19:42 3197

ҚР түзету мекемелерінде жазасын өтеушілерді камера арқылы ұстау енгізіледі - Қ.Қасымов

"Қазіргі кезде сотталушыларды камералық жүйемен ұстайтын 8 түзету мекемесі бар. Олардағы жалпы кісі саны 5,5 мың. Енді тағы осындай 25 мекеме керек, ол үшін 300 млрд теңгеге қажеттілік бар", - деді бас полицей.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. Ішкі істер министрлігінің басты тапсырмаларының бірі түзету мекемелеріндегі сотталушыларды топтықтан камерамен ұстау жүйесіне ауыстыру енгізіледі, деді ведомство басшысы Қалмұханбет Қасымов ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта.

"Қазіргі кезде сотталушыларды камералық жүйемен ұстайтын 8 түзету мекемесі бар. Олардағы жалпы кісі саны 5,5 мың. Енді тағы осындай 25 мекеме керек, ол үшін 300 млрд теңгеге қажеттілік бар", - деді бас полицей.

Кейбір түзету мекемелерін жөндеуден өткізу және тағы бірнешеуін салу үшін әлемдік талаптарға сай оқшаулау бөлмелері бар ғимарат құрылысын қолға алу керек.

"Тек қана мемлекеттің көңіл бөліп айналысқанында ғана аталмыш мәселе шешімін табатын болады. Сол себепті мұндай құрылыстарды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салу керек", - деді Қасымов.

Ведомство тарапынан қазіргі кезде еліміздің климаттық ауданындағы мың кісіні оқшаулайтын колония жобасы дайындалды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салынатын алғашқы колония Қарағанды облысында қолға алынбақ.

Жаңа колонияларда жұмыспен қамту мен сотталушыларды алдын ала дайындауға ерекше мән берілмек.

Сонымен қатар, реформалау түзету мекемелеріндегі адамдар санын азайту мақсатында сот тәжірибесі әдістерін өзгертуге бағытталады. ІІМ мәліметінше, қазіргі күні түзету мекемелерінде шамамен 49 мың адам жазасын өтеуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны