07.02.2014, 18:54 14379

ҚР ТЖМ АЭС үшін 10 атом энергетика саласының инспекторын дайындады

"Мемлекет басшысы өз Жолдауында атом энергетикасы туралы айтқан болатын. Осы орайда құрылыстың жоспарлануына байланысты 10 инспектор оқытылды. Бізге әлі де шетел тәжірибесін меңгеру керек, ол атомдық энергетиканы дамыту үшін өте қажет", - деді Д. Бапы.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғалар бойынша 10 атом энергетикасының инспекторын оқытты. Ол жақында құрылысы басталатын Атом электр станциясына бағытталып отыр. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында Өндірістік қауіпсіздік пен төтенше жағдайлар қызметін қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Бапы бөлісті.

"Мемлекет басшысы өз Жолдауында атом энергетикасы туралы айтқан болатын. Осы орайда құрылыстың жоспарлануына байланысты 10 инспектор оқытылды. Бізге әлі де шетел тәжірибесін меңгеру керек, ол атомдық энергетиканы дамыту үшін өте қажет", - деді Д. Бапы.

Сондай-ақ, ол ведомствоның ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті.

"Өндірістік қауіпсіздік пен төтенше жағдайлар қызметін қадағалау комитетінің ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын тыңғылықты талдады. Шағын және орта бизнесті қолдау, экономиканың жаңа салаларын дамыту мақсаттары алдымызда тұр", - деді Комитет төрағасының орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны