19.02.2008, 13:41 2440

ҚР ТЖМ "Арселор Миттал" компаниясын жер қойнауын пайдалану құқығының қайтарып алыну мүмкіндігі жайлы ескертті (толықтырылған нұсқа)

ҚР ТЖМ "Арселор Миттал" компаниясын жер қойнауын пайдалану құқығының қайтарып алыну мүмкіндігі жайлы ескертті (толықтырылған нұсқа)

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ТЖМ "Арселор Миттал Теміртау" компаниясын жер қойнауын пайдалану құқығының қайтарып алыну мүмкіндігі жайлы ескертті. Бұл туралы ҚР ТЖМ Владимир Божко бүгін өткен үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Абай" шахтасының қожайынына кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары алынбаған жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын кері қайтарып алу мәселесі көтерілетіндігі жайлы ескертілді", - деді В. Божко.

"2006 жылы болған апаттан кейін "Арселор Миттал" техникалық бақылаудың қазіргі заманғы жүйелерін енгізу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде берілген нұсқауларды орындамаған, жекелеген автобустардың бөлінгені болмаса, апаттан құтқару топтарын жабдықтау шараларын жүзеге асырмаған", -деді төтенше жағдайлар министрі.

Отырыстан кейін журналистерге берген сұхбатында министрдің хабарлағанындай, комиссия компанияға "41 позициядан тұратын , міндетті түрде орындалуға тиіс шарттар қойған". "Олар жабдықтарды ауыстыру және жаңалау жөнінде аса ауқымды бағдарламаны қабылдады, олар АҚШ фирмасымен шахталарды газсыздандыру жөнінде шарт жасасты", - деді ол.

"Бұл шарттарды орындау жөнінде нақты бір уақыт көрсетілген жоқ, бірақ олар қабылдаған бағдарлама бес жылға есептелген", - деді В. Божко. Бұл бағдарламаның құнына қатысты түсініктеме берген министр нақты ақша көлемін атай алмады, бірақ, "мәселе аса ауқымды қаржы жайлы болып отыр", деді ол.

"Үш орынды сан туралы, тіпті миллиардқа дейінгі сан айтылып отыр", -деді министр.

Ол осы жылдың 11 қаңтарында "Абай" шахтасында болған қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін құрылған үкіметтік комиссия апатқа шатыр отырып кеткен жағдайда технологиялық операцияларды жүзеге асыруда жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген осы шахтаның лауазым иелері мен қауіпсіз жұмыс істеу жағдайларын жасамаған және жұмыс орындарындағы кез-келген тәуекелдердің алдын алуға тиісті шара қолданбаған жұмыс беруші "Арселор Миттал Теміртау" АҚ бас директоры кінәлі деп тапқан.

В. Божко "Абай" шахтасында болған апатқа негізінен метанды-ауалы қоспаның жарылысы салдарынан өрт шығуы себеп болғанын атап өтті. "Метанның жарылыс қаупі бар концентрациясының түзілуіне оның игерілген кеңістіктен және игеріліп жатқан қабаттардан жинақталуы себеп болған. Комиссия сарапшылары мен жұмысқа тартылған мамандардың пікірінше, лавадағы метанның жарылуына басты жабынның шөгуі барысында тау жыныстарының бір-біріне үйкелісі кезінде ұшқынның тұтануы себепші болған", - деді В. Божко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны