03.02.2014, 21:58 15274

ҚР ТЖМ қызметкерлерін "жалғандық детекторынан" өткізеді

ҚР Төтенше жағдайлар министрі қызметкерлерін тексеру мақсатында полиграф арқылы тексеру немесе "жалғандық детекторы" арқылы тексеруді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайлы төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Төтенше жағдайлар министрі қызметкерлерін тексеру мақсатында полиграф арқылы тексеру немесе "жалғандық детекторы" арқылы тексеруді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына "Қазақстандық жол-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауындағы 2014 жыл тапсырмалары туралы" брифингінде төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді.

"Министрлікте қызметкерлерді аттестаттаудың қағидатты жаңа рәсімі белгіленді. Психологиялық тұрақтылыққа міндетті түрде тестілеу жүргізілетін болады. Бас прокуратураның міндетті аттестаттауына "жалғандық детекторы" арқылы полиграфпен зерттеуден өту мәселесі пысықталуда, біз 2 полиграф сатып алдық", - дейді министр.

"Қызметкерлердің мансаптық өсуінің бірыңғай тәртібін орнату үшін басшылық лауазымдарға жылжыту үшін перспективті резерв қалыптастырылды. Кадрлық резерв сонымен қатар, алдын алу функциясын атқарады және тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің таратылуына кедергі жасайды", - деп толықтырды министр.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы министрлік қызметкерлерініңжауапты тұлғаларын мінсіз мінез-құлығымен және жоғары кәсібилігімен ерекшеленуі керектігін тапсырған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны