29.05.2007, 17:04 2854

ҚР ТЖМ пайымдауынша, аймақтардағы өрт сөндіру қызметтерін жабдықтауды құрылыс салушылар өз мойындарына алуы қажет

АСТАНА. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің пайымдауынша, аймақтардағы өрт сөндіру қызметтерін жабдықтауды құрылыс салушылар өз мойындарына алуы қажет. Бұл туралы үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күнде бізге инвесторлар есебінен өрт сөндіру нысандарының құрылысын салуға мүмкіндік беретін екі құжат бар", - деді В. Храпунов.

Оның айтуынша, "үкіметтің 239-шы қаулысы мен 2003 жылдн бері қолданыстағы құрылыс салу нормалары мен ережелеріне сәйкес, біз 9 қабатты және одан жоғары қабатты нысандарды салатын құрылыс компанияларын біздің өрт сөндіру қызметтерімізге көтергіштер мен сатылар сатып алып беруге міндеттей аламыз".

"Барлық аймақтарды осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр, "Базис-А" және "Қуат" компанияларымен Алматы бөлімшелеріне құны 1,5 млн АҚШ боллары тұратын екі көтергіш орнатуға алғашқы екі келісім жасалған",- деп атап көрсетті министр.

Сонымен қатар, ол еліміздің барлық елді мекендерінде өрт сөндіру бөлімшелерін кезең-кезеңмен құруды ұсынды. "Қазіргі уақытта 36 ірі қалаларда өртке қарсы қорғау толық көлемде қамтамасыз етілмеген, ал тұрғылықты адамдар саны 5 мыңнан асып жығылатын 87 елді мекен өрт сөндіру бөлімшелері жетуге тиіс нормативтік радиустан тысқары қалып қоюда, олардың кейбірі ең жақын өрт сөндіру бөлімшелерінен 100 немесе одан да көп шақырым алыста жатыр",- деп түсіндірді В. Храпунов.

"Біз әрбір елді мекенде кезең-кезеңмен жеке өрт сөндіру бөлімшелерінің болуын қалаймыз. Біз 5000 астам адам тұратын елді мекендерде төтенше жағдайлар министрлігінің есебінен, ал халық саны 5000-нан аз болған жағдайда жергілікті атқарушы билік органдарының есебінен салуды ұсынамыз",- деді министр. "Ирбір ауылда өрт сөндіру депосы құрылып, бір-екі өрт сөндіру машиналары қойылып, өрт сөндіруші-жүргізуші тағайындалады және аумақта өрт сөндіруші негізгі күш келгенше өз еркімен жұмыс істейтін өрт сөндіру дружинасы жасақталады",- деп қосты ол.

"Мұндай жүйе бізге бүкіл елімізді өртке қарсы қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны