24.04.2008, 18:16 3691

ҚР ТЖМ заңға қауіпті өндіріс иелерінің материалдық жауапкершілігін арттыратын өзгерістер енгізді

ҚР ТЖМ заңға қауіпті өндіріс иелерінің материалдық жауапкершілігін арттыратын өзгерістер енгізді

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамаға қауіпті өндіріс иелерінің материалдық жауапкершілігін арттыратын өзгерістер енгізді. Бұл туралы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссия отырысында ҚР ТЖМ төтенше жағдайлар мен өндіріс қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қауіпті өндіріс жетекшілерінің өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әкімшілік және материалдық жауапкершілігін арттыруға бағытталған заңнамалық актілерге түзетулер енгізу қажет", - деп есептейді С. Ахметов.

"Біз қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы" және "Қызметі үшінші бір тұлғаларға залал келтірумен байланысты нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру мәселесі жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындадық", - деп сөзін толықтырды ол.

Комитет төрағасының айтуынша, "Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы" заңға түзетулер енгізудің мәнісі сақтандыру салымдары мен төлемдерінің сомасы кәсіпорындардың қауіпсіздік деңгейіне тікелей байланысты болудан. Нысанда апаттар мен қайғылы оқиғалар көп болған сайын сақтандыру төлемдері де көп болады. "Яғни, меншік иесіне апаттылығы жоғары өндірісті иелену экономикалық тұрғыдан тиімсіз болады", - деп түсіндірді ол.

Осы мақсатта Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 553 бабына өнеркәсіп қауіпсіздігін бұзу кезіндегі заңды тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшерін арттыруға бағытталған түзетулер енгізу мәселесі талқыланып жатыр. "Бақылауды күшейту мақсатында мемлекеттік инспекторларға қауіпті өндіріс орындарында кенет және қайталанатын тексерулер жүргізуге құқық беретін түзетулер енгізу ұсынысы дайындалды", - деп сөзін толықтырды ол.

"Сақтандыру жүйесі тиімді жұмыс істеген жағдайда кәсіпорындар техникалық норма талаптарын бұлтартпастан орындауға мәжбүр болады. Біз болашақта басты рөл қауіпті өндіріс иелеріне берілетін осындай жүйеге көшпекшіміз", - деп сөзін қорытты комитет төрағасы.

Өз кезегінде ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко аталмыш заң жобасын жасау бастамасы министрлікте ел президентінің тапсырмасымен жасалғанын хабарлады. "Бұл Қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент бекіткен және анықтаған бағыт. Мен бұл заң жобасын тезірек жасауды ұсынамын. Біз қаржылық бақылау комитетімен келіссөздер өткіздік. Енді сақтандыру компанияларымен де мәселені тиісті деңгейінде шешіп алғанымыз дұрыс", - деді ол С. Ахметовке.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны