27.05.2011, 13:28 3834

ҚР ТЖМ жаңартылған сайты шілде айында өз жұмысын бастайды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындармен тілдесіп, олардың мұң-мұқтаждықтары жайында интернет арқылы ұдайы пікір алмасып отыру мақсатында жаңа сайт ашпақ.

Астана. 27 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ТЖМ жаңартылған сайты шілде айында өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындармен тілдесіп, олардың мұң-мұқтаждықтары жайында интернет арқылы ұдайы пікір алмасып отыру мақсатында жаңа сайт ашпақ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін Парламент Сенатында өткен "Өңір" депутаттық тобының төтенше жағдайлар саласындағы заңнаманы жетілдіру мен аймақтағы төтенше жағдайларға мемлекет тарапынан қолданылып отырған шараларға қатысты ұйымдастырған мәжілісі барысында айтты.

Мұндай сайтты ашуға министрлікке тұрғындар тарапынан қойылатын сауалдар мен өтініштер санының күрт артуына байланысты қолданыстағы сайттың осыншама көп күшке шыдай алмай бұзылуы себеп болып отыр.

Министр сөзінде сондай-ақ, елімізде бұқаралық ақпарат құралдарынан бөлек электронды билбордтарды пайдалана отырып, халық көп жиналатын орындарда тұрғындарды төтенше жағдайлар саласындағы ақпараттармен қамтамасыз ететін жүйе орнату қажеттігін жеткізді.

Владимир Божконың мысал ретінде келтірген мәліметтеріне қарағанда, Ресейде халық көп жиналатын орындарында тап осындай 30 мың билборд орналастырылған. Онда Төтенше жағдайлар министрлігі тұрақты түрде өзінің түрлі апаттар мен жайсыз жағдайларға байланысты ақпараттары мен азаматтардың қандай жағдайда өздерін қалай ұстау қажеттігі жөніндегі мәліметтерді орналастырып отырады.

"Сондай-ақ қазір халық арасында төтенше жағдайларға қатысты жалған мәліметтерді тарату шараларының алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар атқаратын істердің жүйесі жолға қойылуы тиіс. Бұған қоса күш-қуат құрылымдары мен олардың аумақтық органдарының сырттан келетін шабуылдар мен өзге де ықпалдарға төтеп бере алатын арнайы сайтын жасау қажет",-дейді В.Божко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны