23.06.2014, 22:15 4773

ҚР ТЖМ-да Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің бұйрығымен мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін бірқатар қызметкер "Үздік мемлекеттік қызметші" төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналысқа орталық аппараттың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының Инұраны ойнағаннан кейін ТЖ вице-министрі Ж.Смаилов құттықтау сөз сөйледі. Ол жиналыс қатысушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, Мемлекет басшысы өзінің "Қазақстан жолы -2050" бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында "Мемлекеттік институттардың жұмыстарын жетілдіруді" Қазақстанның әлемдегі 30 елдің қатарына ілгерілеу кезіндегі алдағы жұмыстың басым бағыттарының бірі ретінде атап өтті.

Мінсіз тәптіп пен жоғары кәсіпқойлылық әрбір мемлекеттік қызметшінің ажырамас қасиеті болуы тиіс, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан мен оның азаматтарына қызмет ету, мемлекеттік фунуциялар мен міндеттерді іс жүзінде орындауды қамтамасыз ету - әрбір мемлекеттік қызметшінің жоғары және жауапты миссиясы. Себебі мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы, мәртебесі оның қасиеттеріне, ұйымшылдығына, адалдығына тәуелді. Билік беделін біз бірге қалыптастырамыз. Біздің барлық күш-жігеріміз және ісіміз оны нығайтуға жұмыс істесін", - деп вице-министр.

Салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің бұйрығымен мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін бірқатар қызметкер "Үздік мемлекеттік қызметші" төс белгісімен марапатталды.

Сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны