03.02.2014, 21:54 3471

ҚР ТЖМ-нің құтқару операцияларын жүргізу үшін мемлекет 80 млрд теңге бөледі - В.Божко

"Бұдан бөлек біз заманауи құрылғыларды сатып аламыз. Біздің құралдарымыз әлемдік деңгейдегі үздік құрылғылар. Және де азаматтарға көмек беру үшін бөлінетін қаражатты аямау керек деп ойлаймын", - дейді В.Божко.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. ҚР ТЖМ-нің құтқару операцияларын жүргізуге мемлекет 80 млрд теңге бөледі. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына "Қазақстандық жол-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауындағы 2014 жыл тапсырмалары туралы" брифингінде төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді.

"Бір дөңгелекті қар астынан қазып шығаруға қанша қаражат кететінін мен айта алмаймын. Алайда мемлекеттің ҚР ТЖМ-нің құтқару операцияларын жүргізуге 80 млрд теңге бөлетіні анық", - деді В.Божко журналистер сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, әр машина мен жүріс нормасының шығыны берілген өтініштерге байланысты әр қилы болып келеді.

"Мемлекет қаражатты халық үшін бөледі. Бұл, әрине, тегін. Мемлекетіміздің адам құндылығына қаншалықты маңыз беретінін осыдан байқауға болады. Мемлекет шығын көлемін есептеп жатпай барлық азаматтарға көмек беруге әзір", - дейдіі министр.

Сонымен қатар, есептеу комитеті мен қаржы полициясы ведомство шығынын есептеп отыр.

"Бұдан бөлек біз заманауи құрылғыларды сатып аламыз. Біздің құралдарымыз әлемдік деңгейдегі үздік құрылғылар. Және де азаматтарға көмек беру үшін бөлінетін қаражатты аямау керек деп ойлаймын", - дейді В.Божко.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны