04.12.2013, 18:54 4551

ҚР ТЖМ-нің МИ-26 тікұшағы құтқару бөлімшелері мен техниканы алғаш рет тасымалдады

Бүгін, 4 желтоқсанда ҚР ТЖМ-нің Ми-26 тікұшағы құтқару бөлімшелері мен әуе техникасын алып ұшудың дайындығын жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін, 4 желтоқсанда ҚР ТЖМ-нің Ми-26 тікұшағы құтқару бөлімшелері мен әуе техникасын алып ұшудың дайындығын жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Тікұшақ 20 адамдық және 2 көлікті (апаттық-құтару, химия лабароториялық және радиациялық барлау) құтқарушылар тобын Қарағандыдан Астанаға алып ұшты", - делінген хабарламада.

Естіріңізге сала кетейік, МИ-26 әлемдегі ірі сериялы көлік тікұшағы, оның есебінде ондаған әлемдік рекордтар және орындалған стандартқа сай емес міндеттері бар. Тікұшақ салмағы 20 тоннаға дейін ірі ауқымды жүктер мен техниканы тасымалдауға арналған. Фюзеляждың орталық бөлігі өзіне өлшемі 12,00 х 3,25 х (2,95-3,57) м жүк кабинасын және арқалық ұшына ауысатын артқы бөлігін қосады.

Көлік-десант нұсқада тікұшаққа барлық жарағы бар 82 адам міне алады. Санитарлық нұсқада тікұшаққа 60-қа жуық аспалы зембілді орналастыруға болады. Жүк кабинасына ірі ауқымды жүктерді жүктеу үшін ауырлығы 50 кг электр шығыры орналасқан. Сондай-ақ тікұшақ жүкті сыртқы ілгекке іліп тасымалдауға икемді.

Тікұшақ ТЖМ құтқарушыларын десанттау, сондай-ақ іздеу-құтқару операцияларын өткізу үшін, атап айтқанда төтенше жағдайларды жою, үйінділерді тазарту, ауыр жабдықты тасымалдау және монтаждау, бөгеттерді салу және электр беру желілерін қалпына келтіру кезінде пайдаланылуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны