10.12.2013, 19:05 2735

ҚР Үкімет басшысы мен Корея вице-премьері екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады

Кездесу қортындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, екі ел Үкіметтері арасында кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек туралы Келісім жасалып, "Самұрық-Энерго" АҚ мен "Hyundai" корпорациясы арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандум бекітілді. Бұдан басқа, Қазақстан мен Корея сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында кәсіптік-техникалық білім беру бойынша

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Корей Республикасына ресми сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осы ел Премьер-Министрінің орынбасары - жоспарлау және қаржы министрі Хён О Сокпен кездесті, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.

"Кездесу барысында екі жақты өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелері талқыланды. Тараптар сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарады", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, транспорттық машина жасаудағы жобалар туралы, жаңғыртылған энергия көздері, жоғарғы технологиялар, жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша және корей бизнесі белсенді қатысып отырған басқа да салалар туралы әңгіме болды.

С.Ахметов сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ырғақты дамып отырғанына тоқталып, сондай-ақ өзара тиімді байланыстарды нығайтып, оны одан әрі кеңейте түсу қажеттілігін атап көрсетті.

"Қазақстан тұрақты дамуды үдемелі индустриялық-инновациялық даму есебінен қамтамасыз етуге ұмтылуда. Осы орайда біз Кореямен өзара тиімді инвестициялық және технологиялық әріптестікке мүдделіміз",-деді ҚР Үкіметінің басшысы.

Бұдан басқа, С.Ахметов Ёсуда ЭКСПО-2012 Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудегі корей тәжірибесін үйренуге мүдделілігін білдіріп, корей компанияларын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

Кездесу қортындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, екі ел Үкіметтері арасында кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек туралы Келісім жасалып, "Самұрық-Энерго" АҚ мен "Hyundai" корпорациясы арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандум бекітілді.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Корея сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында кәсіптік-техникалық білім беру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға, "Samruk-Green Energy" ЖШС мен "Hyundai" корпорациясының еншілес компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны