22.08.2006, 10:03 3001

ҚР үкімет басшысының қаулысымен "Концессиялар туралы" заңға қосымша концессиялық жобалардың критерийлері бекітілді

АСТАНА. 22-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР премьер-министрі Даниал Ахметовтың қаулысымен кеше "Концессиялар туралы" заңға қосымша ретінде концессиялық жобалардың критерийлері бекітілді, оны экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концессиялық жобаларға негізгі талап - Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес келуі болмақ.

Критерийлер тізімі он тармақтан тұрады. Олардың ішінде - концессионерлер қызметін көзделген көлемдер мен шарттар бойынша мемлекеттік қолдау, жаңа технологияларды тарту, концессиялық жобаны жүзеге асыруда тартылатын инвестициялардың көлемін арттыруды және жұмыспен қамтуды ынталандыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және жұмыстың қауіпсіз жүргізілуі талаптары бар.

Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны