12.02.2013, 11:23 3424

ҚР Үкіметі 2020 жылға дейін АӨК-ді дамыту бағдарламасын қабылдады

"Бағдарлама қаржы жағдайын сауықтыруға, АӨК үшін тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қолжетімділікті арттыруға, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамытуға, сонымен қатар саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған", - деді А.Мамытбеков.

Астана. 12-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында 2013-2020 жылдарға "Агробизнес-2020" агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ауыл шаруашылық министрі бағдарламаның негізгі мақсаттары мен тапсырмалары туралы айтты.

"Бағдарлама қаржы жағдайын сауықтыруға, АӨК үшін тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қолжетімділікті арттыруға, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамытуға, сонымен қатар саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған", - деді А.Мамытбеков.

Оған қоса, ол 8 жылда осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 3 122,2 млрд теңге қажет болатынын атап кетті.

Ал, Премьер-Министр өз алдына аталған бағдарламаның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылығы мен уақыттылығын атап өтті.

"Бұл маңызды бағдарлама. Мемлекет басшысы еліміздің ауыл шаруашылық саласын масштабты жетілдіру қажеттігін атап кеткен болатын. Алғашқы қадам АӨК-ді дамытудың жаңа бағдарламасын қабылдау болатын. Бүгін біз Елбасының маңызды тапсырмасын орындадық. Енді аталған бағдарламаны жүйелі әрі дұрыс жүзеге асыру қажет", - деді С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны