13.05.2014, 21:15 3364

ҚР Үкіметі 2020 жылға дейін Туристік саланы дамыту тұжырымдамасының жобасы мен 2015-2019 жылдарға арналған геологиялық-барлау жұмыстары бағдарламасын мақұлдады

ҚР Үкіметі 2020 жылға дейін Туристік саланы дамыту тұжырымдамасының жобасы мен 2015-2019 жылдарға арналған геологиялық-барлау жұмыстары бағдарламасын мақұлдады

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді.

Қазақ-Қытай ынтымақтастығы және ҚР Президентінің ҚХР-ға мемлекеттік сапарына дайындық мәселелері бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірініші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев баяндады.

Б.Сағынтаев келтірген мәлімет бойынша, екі жақты сауда айналымы 2013 жылы 22,5 млрд. АҚШ долларын құраса, оның 14,3 млрд-ы экспортты, 8 млрд-тан астамы импортты еншіледі. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 3,56 млрд. АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда, Қытайдан Қазақстанға тартылған инвестиция жиынтығының көлемі 20 млрд. АҚШ долларынан артты.

"Мүлкін жариялауға байланысты азаматтарды амнистиялау туралы" ҚР Заңының жобасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды.

"Жариялануға жататын объектілерге төмендегідей мүліктер жатқызылады: азаматтардың ақшалары, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері; меншік құқығындағы жариялануға жатқызылатын құрылыс нормалары мен ережелеріне сай орналасқан жер телімдері, мақсатты тағайындалуға сәйкес келетін құрылыстар мен құрылыстық түзілімдер; ҚР аумағынан тыс жерде орналасқан лайықсыз тұлғалардың атына ресімделген құрылыстар мен құрылыстық түзілімдер және жылжымайтын мүліктер жариялануға жатады",-деп хабарлады Б.Сұлтанов.

Мүлікті жариялауға жекелеген құқық бұзушылықтар мен қылмыстар нәтижесінде иемденілген мүліктер енбейді.

ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР-дың 2013 жылға арналған бәсекелестік туралы және оның 2014 жылға арналған жоспарлары туралы баяндады.

Экономика салалары үшін кадрлар дайындау мәселесі бойынша ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов сөйледі.

ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту Тұжырымдамасының жобасы және 2015-2019 жылдарға арналған тау-кен барлау жұмыстары Бағдарламасын таныстырды.

"Халықаралық туризм рыноктарына ену бойынша Қазақстанның өз перспективалары бар. Біздің тұрақты рыноктарымыз - Ресей, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс болып табылады. Тек Ресей мен Қытай ғана 150 млн-нан астам туристерді қамтамасыз етеді",-деді Н.Сауранбаев.

Тұжырымдамада 5 туристік кластерлерді дамыту қарастырылған. Олар - Астана, Алматы, Шығыс, Оңтүстік, Батыс Қазақстан. Тау-кен барлау жұмыстары бойынша 2015-2019 жылдарға арналған Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 119 млрд. теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ кен барлауға ірі ұлттық компаниялар мен табиғат пайдаланушылардың қатысуымен инвестициялар жоспарланған.

"Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде алтын, мыс, полиметалдар қорының болжамдық өсуі, сондай-ақ жер асты суларын анықтау күтілуде",-деп атап өтті Н.Сауранбаев.

Талқылау қортындысы бойынша ҚР Үкіметі 2020 жылға дейінгі Туристік саланы дамыту тұжырымдамасының жобасы және 2015-2019 жылдарға арналған Тау-кен барлау жұмыстары бағдарламасын мақұлдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны