13.09.2012, 12:14 3158

ҚР үкіметі Аналар күнін енгізіп, Журналистердің кәсіби мерекесінің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады

Премьер-министр Кәрім Мәсімов 6 қыркүйекте қол қойған тиісті қаулы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің деректер қорына орналасқан.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР үкіметі Аналар күнін енгізіп, Журналистердің кәсіби мерекесінің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов 6 қыркүйекте қол қойған тиісті қаулы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің деректер қорына орналасқан.

Бұл құжатқа сәйкес үкімет "Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге мерекелер туралы" 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлық жобасын президенттің қарауына ұсынуды қаулы етеді.

Үкімет 28 маусымды Журналистер және полиграфшылар күні ретінде, ал 17 мамырды Байланыс пен ақпарат қызметкрелерінің күні ретінде атап өтуді ұсынды.

Бұдан бұрын журналистер өз төл мерекелерін 28 маусымда атап өтетін. Алайда 2004 жылы оны маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіп, Баспа, телевизия және радио күні деп атайтын. 2011 жылы қазанда мерекені Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні болып аталды, ол биылғы жылы 28 маусымда атап өтілді.

Сонымен қатар, үкімет Мұғалімдер күнін 5 қазан етіп бекітуді, ал кәсіби және өзге мерекелер тізіміне Аналар күнін енгізіп, оны қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны