23.05.2008, 19:48 3073

ҚР үкіметі биыл "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын парламентке енгізуді жоспарлап отыр

ҚР үкіметі биыл "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын парламентке енгізуді жоспарлап отыр

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың соңына қарай Қазақстан Республикасының үкіметі парламенттің қарауына "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл мәлімет мәтіні "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісінде бар 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі үкімет есебінде келтірілген.

"Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі "Мемлекеттік активтер туралы" және "Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік активтер мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын жасап жатыр", - деп көрсетілген үкімет есебінде.

"Үкіметтің жанындағы заң жобасы қызмет мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен заң жобаларын жасау көңілге қонымды деп табылған және оларды талқылауға енгізу мерзімі анықталған: Иділет министрлігіне - 2008 жылдың қыркүйек айында, үкіметке - 2008 жылдың қазан айында, парламентке - 2008 жылдың желтоқсан айында енгізіледі", - деп көрсетілген үкімет есебінде.

2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жайындағы үкімет есебіне жасалған қорытынды болып табылатын Есеп комитетінің есебінде былтыр қаржылық активтерді алуға жұмсалған бюджет шығыны 369 млрд теңгені құрағаны және 2006 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өскені көрсетілген. Бұл ретте аталмыш қаражаттың бір бөлігі 44 акционерлік қоғамның жарғылық капиталын толықтыруға және ұлғайтуға жұмсалған.

Бұл ретте, Есеп комитетінің есебінде келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2007 жылы 27 акционерлік қоғамға бөлінген 291,8 млрд теңге көлеміндегі қаражаттан негізгі құралдарды сатып алуға 10 млрд теңге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық құралдарды сатып алуға - 14,4 млрд теңге шығындалған. Ал екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде салған салымның жалпы сомасы 135,9 млрд теңгені құраған. Бұл ретте "Ядролық технологиялар паркі" АҚ мен "Ұлттық инновациялық қор" АҚ "Валют-транзит банктің" депозиттік шотында 1,2 млрд теңгені орналастырған. Ол қаражат банктің банкроттығы нәтижесінде қайтарылмай қалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны