07.12.2010, 13:36 3987

ҚР үкіметі Бірыңғай экономикалық кеңістік құру аясындағы келісім жобаларын мақұлдады

Бүгін ҚР үкіметі Бірыңғай экономикалық кеңістік құру аясындағы келісім жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР үкіметі Бірыңғай экономикалық кеңістік құру аясындағы келісім жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанованың хабарлауынша, "БЭК келісім-шарт базасын құру аясында 17 келісім әзірленген". "Осы 17 келісімдерді төрт топқа бөлуге болады",- деп атап өтті ол.

"Бірінші топ - бұл келісілген экономикалық саясат жүргізуді қамтамасыз етуге шақыратын келісім. Екінші блок - капитал мен қызмет көрсету қозғалысының бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған келісімдер. Үшінші топ - жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге тартылған келісімдер. Ал төртінші топқа келсек - бұл табиғи монополия қызметі мен инфрақұрылымдық тараптарға қол жетімді болуды қамтамасыз ететін келісімдер",- деп хабардар етті министр.

"Яғни Бірыңғай экономикалық кеңістіктің заңнамалық базасы капиталдың, қызмет көрсету және жұмыс күші айнылымының еркіндігін қамтамасыз етеді",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны