29.01.2013, 15:48 3318

ҚР Үкіметі Еурооблигациялар шығару туралы қаулының жобасын қабылдады

"2013 жылға республикалық бюджеттің дефициті 785,2 млрд. теңге көлемінде немесе ЖІӨ-нің 2,1% шамасында бекітіліп отыр. Ішкі нарықта 537,1 млрд. теңге көлемінде құнды қағаздар шығарудың есебінен, сыртқы нарықта - 248,1 млрд. теңге, оның ішінде 150 млрд. теңге сомаға еурооблигация шығарудың есебінен дефицитті қаржыландыру жоспарлануда", - деді қаржы министрі Б.Жәмішев қаулы жобаны таныстыра отырып.

Астана. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында "Сыртқы капитал нарықтарына мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздар шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2013 жылға республикалық бюджеттің дефициті 785,2 млрд. теңге көлемінде немесе ЖІӨ-нің 2,1% шамасында бекітіліп отыр. Ішкі нарықта 537,1 млрд. теңге көлемінде құнды қағаздар шығарудың есебінен, сыртқы нарықта - 248,1 млрд. теңге, оның ішінде 150 млрд. теңге сомаға еурооблигация шығарудың есебінен дефицитті қаржыландыру жоспарлануда", - деді қаржы министрі Б.Жәмішев қаулы жобаны таныстыра отырып.

Министрдің айтуынша, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Үкіметтің қарызы 3 626,3 млрд. теңгені құрап отыр, ондағы ішкі қарыздың үлесі - 80% немесе 2 896,9 млрд. теңге, сыртқы қарыздың үлесі - 20% немесе 729,3 млрд. теңге. 150 млрд. теңге сомаға еурооблигациялары шығарған кезде, үкіметтің сыртқы қарызы 879,3 млрд теңгенің немесе үкіметтік займдар портфелінің 24,2% құрайтын болады.

Б.Жәмішев сондай-ақ, 2012 жылдың ІІ жартысында бюджет дефицитінің 203,5 млрд. теңгеге ұлғаюының салдарынан ішкі нарықта мемлекеттік құнды қағаздар бойынша пайыздық ставканың күрт өскенін айтты.

"Егер еурооблигациялар шығару туралы шешім қабылданбаса, ішкі нарықта 150 млрд. теңге сомаға қосымша МҚҚ шығарудың салдарынан МҚҚ табыстылығына салмақ түседі және былтырғыдай мемлекеттік қарызға қызмет көрсетудің шығыстары артады",- деді Қаржы министрі өз сөзінде.

Министрдің айтуынша, төмен ставкалы купонды егемен еурооблигациялар облигациялар бойынша сыртқы міндеттемелерді қайта қаржыландыру кезінде корпоративтік сектор үшін займ алудың құнын арзандатуға негіз болады.

"Қазақстан Республикасының егемен еурооблигацияларын шығарудың маңызы зор, себебі 2013 жылы ұлттық компаниялар еурооблигациялар бойынша өз міндеттемелерін қайта қаржыландыру үшін сыртқы нарықтарға шыққалы отыр",- деп түйіндеді өз сөзін қаржы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны