13.07.2012, 12:46 4348

ҚР Үкіметі Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекітті

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов төрағалығымен өткен селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына 20 адам" атты мақаласында айтылған әлеуметтік жаңғыртудың басымдықты бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары бектілді.

Астана. 13-шілде. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов төрағалығымен өткен селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына 20 адам" атты мақаласында айтылған әлеуметтік жаңғыртудың басымдықты бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары бектілді.

Отырыс барысында осы әлеуметтік жаңғырту жоспарының жобасы таныстырылды. Аталған іс-шаралар жоспарында Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасын әзірлеу, әлеуметтік заңнаманы жаңарту, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру, еңбек шиеленістерінің алдын алу және оларды реттеу, қазақстандық өмір сапасын арттыру, әлеуметтік үдерістерді басқарудың тиімді жүйесін құру бойынша шаралар қарастырылған.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы әлеуметтік саладағы ұлттық заңнамаға түгендеу жүргізіліп, оның негізінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Илеуметтік заңнаманы реформалаудың тұжырымдамасы әзірленеді, "Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" ҚР Заңы, "Ақпаратты Қазақстан - 2030" мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шарттарды орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныстар енгізілетін болады.

Ел Президентінің тапсырмаларына сәйкес, 2013 жылы Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы, Илеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі жалпыұлттық жоспары әзірленбек, минималды әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу бойынша ұсыныстар енгізу, өзін өзі еңбекпен қамтып отырғандарды айқындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесі жетілдірілмек, Біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңмен әзірлеудің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары әзірленбек.

Айта кету керек, әлеуметтік заңнамаға қатысты қарастырылған отырған жаңарту жұмыстары әлеуметтік жаңғырту қағидаларына негізделетін болады және ең алдымен Қазақстан экономикасының даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне сәйкестендіріледі.

Осы жоспардың аясындағы жоспарланған іс-шараларды талқылау барысында экономикалық даму және сауда министрі Б.Сағынтаев баяндама жасаса, еңбек министрі Г.Ибдіхалықова әлеуметтік жаңғыртудың басымдықты бағыттары туралы баян етті. Министрлер Б.Жұмағұлов, С.Қайырбекова және Д.Мыңбай білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы жаңғыртулар туралы баяндады.

Талқылаудың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралардың жоспарын бекітті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны