17.08.2012, 12:07 2849

ҚР үкіметі ҚР Геологиялық саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдады

Естеріңізге сала кетсек, тұжырымдамада геология саласының көкейкесті мәселелері және экономиканың барлық салалары үшін ресрустық базаны толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында оларды шешу жолдары қарастырылаған.

Алматы. 17-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР үкіметі ҚР Геологиялық саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, тұжырымдамада геология саласының көкейкесті мәселелері және экономиканың барлық салалары үшін ресрустық базаны толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында оларды шешу жолдары қарастырылаған.

Геологиялық саланы дамыту тұжырымдамасына енгізілген басты мақсаттардың бірі - жұмысты бағдарламалық-нысанды жоспарлаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру болып табылады.

Геологиялық саланың келесі мақсаты инновацияны енгізуге инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру.

"Геологиялық саланың инвестициялық тартымдылығын арттырудағы маңызды бағыт - ресурстар мен қорлардың "Jorc" сияқты халықаралық есептілік стандарттарын енгізу болып табылады", - деді И.Исекешов.

Геология саласы мақсаттарының арасынан министр әлемдік жетекші геологиялық бақылау, тау-кен өндірісі, мұнай өндіруші және "юниорлық" компанияларды тарту механизмін дамытуды да атап өтті.

Геологиялық саланың инфрақұрылымын дамыту да үлкен маңызға ие.

Тұжырымдамаға сай, 2013-2014 жылдардағы дайындық кезеңінде заманауи инфрақұрылым құру, нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу, халықаралық стандарттарды енгізу, мамандар даярлау, өңірлік және кең көлемді іздестіру жұмыстарын жүргізу және т.б. қамтамасыз ету қажет.

2015-2019 жылдардағы екінші кезеңде пайдалы қазбаларды коммерциялық зерттеудің перспективалық учаскелері анықталатын болады. Жаңа технологияны пайдалану арқылы геологиялық жұмыстар да жандана түседі. Саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі.

Соңғы кезең - 2020-2030 жылдар - іздеу-бақылау геолгиялық-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа кен орындарын ашып, қорды есептеу кезеңі.

Жаңа аумақтардағы өңірлік және іздестіру жұмыстары жалғастырылады.

"Аталған Тұжырымдама 2030 жылға дейін жүзеге асырылуды көздейді, өйткені зерттеуден пайдалы кен орындарынан кен алуға дейін 10 жылдан астам уақыт қажет етіледі", дейді И.Исекешов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны