25.12.2014, 10:53 4270

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі экономикалық саясаттыӊ 2015 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі бірлескен Мәлімдемесін жасады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ экономикалық саясаттыӊ 2015 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемес...

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ экономикалық саясаттыӊ 2015 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемесі туралы" № 1370 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ экономикалық саясаттыӊ 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі.

2014 жылы Қазақстан экономикасыныӊ дамуы үшін сыртқы факторлардыӊ нашарлағаны байқалды.

Украина төӊірегіндегі оқиғаларға байланысты әлемде экономикалық өсу жалпы баяулады және геосаяси тұрақсыздық ұлғайды. Ресей және Еуропалық одақ (бұдан әрі - ЕО) елдері мен АҚШ арасында өзара санкциялардыӊ енгізілуі Ресейдегі өсу қарқыныныӊ құлдырауына және макроэкономикалық жағдайдыӊ тұрақсыздануына әкеп соқтырды.

АҚШ жалпы ішкі өнімініӊ (бұдан әрі - ЖІӨ) өсу қарқыныныӊ нығаюы, сан жағынан жеӊілдету бойынша федералдық резервтік жүйеніӊ үшінші бағдарламасыныӊ тоқтатылуы аясында АҚШ доллары нығайып, пайыздық мөлшерлемелер жоғарылауда.

Көрсетілген факторлардыӊ нәтижесінде, сондай-ақ АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірудіӊ ұлғаюы аясында Brent маркалы мұнайдыӊ әлемдік бағасы 2014 жылғы маусымныӊ соӊындағы бір баррель үшін 155 доллардан 2014 жылғы 22 желтоқсанда бір баррель үшін 63 долларға дейін (45,2 %-ға) төмендеді.

Осыныӊ аясында Қазақстан экономикасы 2014 жылғы 11 ай ішінде 4,2%-ға өсті.

2014 жылғы қаӊтар-қазанда Қазақстан Республикасыныӊ сыртқы сауда айналымы 2013 жылғы осындай кезеӊмен салыстырғанда 8,3 %-ға қысқарды. Мұнай мен негізгі металдардыӊ әлемдік бағаларыныӊ төмендеуіне, мұнай, көмір, ферроқорытпалар, мыс және алюминий экспортыныӊ физикалық көлемініӊ қысқаруына байланысты тауарлар экспорты 4,9 %-ға төмендеді. Машина мен жабдықтар, химия өнімдері және азық-түлік тауарлары импортыныӊ азаюы есебінен тауарлар импорты 14,5 %-ға азайды.

Осы сыртқы экономикалық үрдістердіӊ 2015 жылы Қазақстан экономикасы үшін тәуекелдері бар.

Осындай жағдайларда 2015 жылы экономикалық саясат елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сыртқы факторлардыӊ салдарын нивелирлеуге бағытталатын болады.

Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) саясатыныӊ негізгі мақсаттары макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ экономикалық өсуді қамтамасыз ету және қазақстандық экономиканыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру болады.

2015 жылы экономикалық саясаттыӊ негізгі бағыттары:

1) "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы контрциклдік экономикалық саясатты жүргізу, қазақстандық экономиканыӊ бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату әрі шағын және орта бизнесті қолдау;

2) макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау;

3) қаржы жүйесін нығайту және банк секторын сауықтыру арқылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

1. Контрциклдік экономикалық саясат

Үкімет пен Ұлттық Банктіӊ саясаты нақты экономикалық өсімніӊ 2015 жылға арналған нысаналы 4-5 % деӊгейіндегі нысаналы параметрлеріне қол жеткізуге бағытталады.

2014 - 2015 жылдары экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014 жылдыӊ ақпанында Мемлекет басшысыныӊ бастамасы бойынша Ұлттық қордан 1 трлн. теӊге бөлінді.

Осы қаражат шеӊберінде 2015 жылы 500 млрд. теӊге мөлшеріндегі екінші транш шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша жеӊілдікті кредит беруге және банк секторын сауықтыруға бағытталады. Бұдан басқа, арнайы экономикалық аймақтардыӊ және "ЭКСПО-2017" инфрақұрылымы объектілерініӊ құрылысы қаржыландырылатын болады.

Экономиканыӊ орнықты өсуін қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуды қолдау үшін "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты іске асырылады, оны іске асыру үшін 2015 - 2017 жылдар аралығындағы кезеӊде жыл сайын Ұлттық қордан 3 миллиард теӊге бөлінеді.

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инфрақұрылымды 7 негізгі бағыт бойынша дамыту көзделген. Бұл көліктік-логистикалық, энергетикалық және индустриялық инфрақұрылымдардыӊ дамуы. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаӊарту, мектептер мен тұрғын үйлер салу жұмыстары, сондай-ақ шағын және орта бизнестерді қолдау жүзеге асырылады.

Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге 13,5 млрд. АҚШ доллары сомасына шағын және орта бизнесті (бұдан әрі - ШОБ), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаӊғырту, жол салу, электр энергетикасын дамыту, жаӊартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы жобаларды іске асыру басталады, оныӊ ішінде 9 млрд. АҚШ доллары халықаралық қаржы ұйымдары есебінен қаржыландырылады.

Жаӊа экономикалық саясат біздіӊ экономикамызда құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілікті, өнімділікті жоғарлату және экономиканыӊ құрылымын жақсарту болып табылады.

Осы салаларға инвестициялар экономиканыӊ өсуі мен жұмыспен қамтуға еӊ көп мультипликативтік әсер етеді және болашақта орнықты дамудыӊ негізін қалыптастырады.

Оӊ сыртқы сауда сальдосын қолдау мақсатында қазақстандық экспортты қолдау қамтамасыз етілетін болады. ЕО-ға экспорттаушылар үшін қолданылатын мөлшерлемелерден (шетелдік валютада 2-3%) аспайтын мөлшерлемелер бойынша сауда және экспорттық қаржыландыру тетіктері әзірленеді.

Ел экономикасын одан әрі индустрияландыру саясаты өӊірлік ерекшелікті ескере отырып, белгілі бір басым секторлардағы өӊдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық дамудыӊ екінші бесжылдығы шеӊберінде жүргізіледі.

Елде іскерлік белсенділікті одан әрі қолдау үшін Ұлттық қордан 2015 және 2016 жылдары жыл сайын 100 млрд. теӊге бөлінетін болады. Бұл қаражат "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен "Қазақстан даму банкі" АҚ-ныӊ банкаралық кредиттеуініӊ қолданыстағы бағдарламасын пайдалана отырып, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге, оныӊ ішінде ШОБ-ты қаржыландыруға - 100 млрд. теӊге және ірі кәсіпкерлікті қаржыландыруға - 100 млрд. теӊге бағытталады.

Доллармен алынған қарыздар бойынша борыштық жүктемені төмендету және ШОБ-тыӊ іскерлік белсенділігініӊ тоқтатылуына жол бермеу мақсатында халықаралық қаржы институттарынан қарыз тартуды жеделдету арқылы ШОБ-ты ұлттық валютада кредиттеуді жүзеге асыру жалғастырылатын болады.

Бизнес секторыныӊ инвестициялық шығыстарыныӊ өсуін ынталандыру мақсатында Бизнестіӊ жол картасы-2020 шеӊберінде шағын және орта бизнесті кредиттеудіӊ өсімін, лизингтік операцияларды кеӊейтуді, ИИДМБ-2 жобаларын қаржыландыруды қолдау, "Агробизнес 2020" бағдарламасы шеӊберінде агроөнеркәсіптік кешенді қаржылай қолдау жалғастырылады.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020 шеӊберінде шаралар қабылданатын болады.

2. Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген ақша-несие және салық-бюджет саясаты мен инфляция деӊгейін жоспарланған 6-8 % дәлізде ұстап тұру есебінен қамтамасыз етіледі.

Ақша-несие саясатында орта мерзімді кезеӊде инфляциялық таргеттеуге көшу үшін негіз қалыптастырылатын болады.

Инфляциялық таргеттеу теӊгедегі жинақтардыӊ нақты кірістілігін арттыруға және күтілетін инфляцияны төмендетуге мүмкіндік береді.

Ақша массасын реттеу инфляциямен арақатынастылықта жүзеге асырылады.

Валюталық саясат казақстандық экономиканыӊ ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теӊдікті қамтамасыз етуге бағытталады.

Сонымен бірге, теӊгеніӊ айырбас бағамыныӊ шұғыл ауытқуларына жол берілмейді. Валюта нарығында алыпсатарлықты шектеу бойынша шаралар қабылданады. 2015 жылы Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, қолма-қол шетелдік валюта нарығында айырбас пункттерініӊ қызметіне қойылатын талаптарды арттыру бөлігінде заӊнамаға өзгерістер енгізеді.

Ұлттық Банктіӊ халықаралық резервтерін барабар деӊгейде ұстап тұру жөніндегі саясат Ұлттық Банктіӊ алтын-валюта қорлары көлемініӊ тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортыныӊ 3 айлық көлемінен төмен азаюын болдырмау арқылы да жалғастырылатын болады.

Салық-бюджет саясаты Жаӊа бюджет саясаты тұжырымдамасына сәйкес бюджеттіӊ тепе-теӊділігін қамтамасыз етуге бағытталады. Салық саясаты экономиканыӊ инвестициялық тартымдылығын арттыруға және өӊдеуші өндірістердіӊ өсуін ынталандыруға бағытталатын болады. Бұл ретте кәсіпорындарға салықтық жүктеменіӊ өсімі көзделмейді.

Тапшылық жөніндегі фискалдық шектеулер бойынша бюджет шығыстарын айқындау, мемлекеттік міндеттемелердіӊ кезеӊ-кезеӊмен өсуі, жекеше сектордыӊ инвестицияларын бюджеттік инвестициялармен ауыстыруды болдырмау бюджет саясатын қалыптастырудыӊ негізгі тәсілдері болып табылады.

Республикалық бюджетке жүктемені азайту мақсатында қоса қаржыландыру шарттарында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарыныӊ сыртқы қарыздары тартылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері пайдаланылады.

3. Қаржылық тұрақтылыққа әлемдік экономикадағы ықтимал жаһандық тепе-теӊсіздік тудырған кері әсерлерді барынша азайтуға, сондай-ақ қаржы жүйесініӊ тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенімен қолдау көрсетіледі. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру Қазақстан Республикасыныӊ қаржы секторын дамытудыӊ 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүргізілетін болады.

2015 жылы қаржы жүйесін реттеу саясатыныӊ негізгі басым бағыттары:

1) экономикада ұлттық валютаныӊ рөлін арттыру;

2) экономиканы кредиттеуді одан әрі ұлғайту үшін банктердіӊ теӊгелік өтемділігініӊ өсуін ынталандыру;

3) банк секторын сауықтыру болып табылады.

1. Ұлттық валютаныӊ экономикадағы рөлін арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:

1) теӊгедегі жинақтарды ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін, "Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ теӊгедегі депозиттер бойынша төлейтін сомасы капиталдандыруды ұлғайта отырып, 5 млн. теӊгеден 10 млн. теӊгеге дейін ұлғайтылады;

2) халықтыӊ доллардағы кепілдік берілетін депозиттері бойынша ұсыным берілетін сыйақы мөлшерлемесініӊ еӊ жоғары мөлшері жылдық 4 %-дан 3%-ға дейін төмендетіледі;

3) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердіӊ бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салынады.

2.Экономиканы кредиттеуді одан әрі ұлғайту үшін банктердіӊ теӊгедегі өтімділігін өсіруді ынталандыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:

1) қажет болған жағдайда пруденциалдық реттеудіӊ жекелеген нормаларын уақытша төмендету мүмкіндігі қарастырылады;

2) коммерциялық банктердегі өтімділіктіӊ тапшылығына жол бермеу үшін оларға теӊгедегі өтімділік беріледі.

3. Банк секторын сауықтыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:

1) банктердіӊ проблемалық активтерініӊ деӊгейін азайту жөніндегі жұмыс жалғастырылады. "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ жарғылық капиталы 250 млрд. теӊгеге қосымша ұлғайтылады, оныӊ банктермен ынтымақтастығыныӊ тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады.

Проблемалық активтермен жұмыстыӊ басқа тетіктерін жетілдіру, оныӊ ішінде ұйымдардыӊ жұмыс істемейтін активтерді басқару бойынша қызметін, салық салу мәселелерін (салықтық әкімшілендіру) жетілдіру де басым бағыттар болады;

2) реттеу саясаты саласында "Базель III" банктер капиталыныӊ жеткілікті болуыныӊ жаӊа стандарттары кезеӊ-кезеӊмен енгізіледі. Бұл ретте жаӊа стандарттарға біртіндеп және ауыртпалықсыз көшу мақсатында бірінші кезеӊде банктерге капиталдыӊ, капитал құрамдауыштарыныӊ жеткілікті болуы бөлігінде неғұрлым жұмсақ талаптар белгіленеді. Ұлттық Банк қалыптасып отырған экономикалық жағдайды ескере отырып, банктердіӊ капиталдыӊ жеткілікті болуыныӊ жаӊа нормативтерін орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады.

Тұтастай алғанда, 2015 жылы экономикалық саясат сыртқы теріс факторлардыӊ салдарын жұмсартуға, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдыӊ тұрақтылығын нығайтуға бағытталады.

Қаржы секторын сауықтыру, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау және экономиканы әртараптандыру арқылы қазақстандық экономиканыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі міндеттер шешіледі.

Аталған шаралар елдіӊ макроэкономикалық дамуыныӊ қол жеткізілген оӊ нәтижелерін сақтау және экономиканыӊ одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін теӊгерімделген сипатта болады.

Сыртқы нарықтардағы ахуал нашарлаған жағдайда Үкімет пен Ұлттық банк елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау жөнінде қосымша шаралар қабылдайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны