21.01.2014, 19:57 3187

ҚР Үкіметі Президенттің жолдауын жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық жоспар құрастырды

"Жалпыұлттық жоспар жобасы 40 бөлімнен тұрады. Ол Жолдауда айтылған 7 басты бағыт бойынша жүзеге асырылмақ", - деді Е. Досаев.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. Елбасының "Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлтттық жоспардың жобасын бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев таныстырды.

"Жалпыұлттық жоспар жобасы 40 бөлімнен тұрады. Ол Жолдауда айтылған 7 басты бағыт бойынша жүзеге асырылмақ", - деді Е. Досаев.

Жоспар бойынша индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығын дамыту, ғылымды қажет ететін экономика құру, инфрақұрылымдық триаданы жасау, ШОБ қолдау көрсету, адамзаттық капиталды дамыту мен мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары басымдылықта тұр.

"Жалпыұлттық жоспардың жүзеге асуын қаржыландыру арнайы жылдар бойынша мемлекеттік бюджетпен қарастырылған", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны