28.08.2012, 17:26 3012

ҚР Үкіметі республикалық бюджеттің 2013-2015 жылдарға арналған жобасын бекітті

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын және "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" бағдарламалық мақаласында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы қабылданды.

Астана. 28-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі республикалық бюджеттің 2013-2015 жылдарға арналған жобасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын және "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" бағдарламалық мақаласында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы қабылданды.

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылы бюджетке түсетін түсім 5 415,1 млрд теңге болады деп болжануда, бұл 2012 жылғы бюджеттен 178,2 млрд теңгеге артық, 2014 жылға болжанған - 5 707,1 млрд теңге 2013 жылғы бюджеттен 292 млрд теңгеге артық; 2015 жылға болжанған - 6 388,2 млрд теңге 2014 жылғы болжамнан 681,1 млрд теңгеге артық.

2013 жылғы табыс 3 828,4 млрд теңгені құрап, 2012 жылғы жоспардан 212,6 млрд теңге артатын болады. 2013 жылдың шығындары 6 200,3 млрд теңгені құрап, 2012 жылғы жоспардан 183,5 млрд теңге артады; 2014 жылдың шығындары 6 466 млрд теңгені құрап, 2013 жылғы шығындар жоспарынан 265,7 млрд теңгеге артады; 2015 жылдың шығындары 7 124 млрд теңгені құрап, 2014 жылғы шығындар жоспарынан 658 млрд теңгеге артады.

Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны