09.08.2010, 16:39 3886

ҚР Үкіметі республиканың орман қорларын қасақана өртеу деректерін ерекше бақылауда ұстайтын болады

ҚР Үкіметі республиканың орман қорларын қасақана өртеу деректерін ерекше бақылауда ұстайтын болады. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысы барысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен оның бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 - тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі республиканың орман қорларын қасақана өртеу деректерін ерекше бақылауда ұстайтын болады. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысы барысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен оның бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ІІМ Тергеу комитетімен бірлесе отырып арнайы адамдарды жіберіп, барлық қылмыстық істерге талдау жүргізу керек. Мысалға айта кетсек, Босаман орман шаруашылығында 5 өрт шығып, 1900 гектар алқап өртке оранған. Бұл шындығына келсе, өрт емес жоспарлы шараға ұқсайды (қасақана өртеу- агенттік ескертпесі), жасыратыны жоқ мұндай жағдайлар бізде бар. Жауапты тұлғаларды жұмыстан шығарып қана қоймау керек. Мұндай жағдайды кейбір опасыз адамдар пайдаланып кетуі де мүмкін", - деп атап өтті Өмірзақ Шүкеев.

Үкімет басшысы өз кезегінде бұл пікірмен келісті. "Сіз дұрыс айтасыз, орманды отау үшін көп жағдайда өртейді. Мұның өзіндік бизнесі бар. Бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау қажет",- деп атап өтті К. Мәсімов.

Сонымен қатар, премьер "әрбір облыста облыстық штаб құруға" тапсырма берді. "Сондай-ақ республикалық штаб құрамыз, база - ТЖМ, үйлестіру Шүкеевке жүктеледі. Маған аптасына бір рет баяндап отырасындар",- деген тапсырма берді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны