06.05.2008, 13:14 1393

ҚР үкіметі шағын және орта бизнеске қойылатын әкімшілік талаптарды жеңілдететін бірқатар қаулыны қабылдады

ҚР үкіметі шағын және орта бизнеске қойылатын әкімшілік талаптарды жеңілдететін бірқатар қаулыны қабылдады

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкіметі бүгін өткен жиналыста шағын және орта бизнеске қойылатын әкімшілік талаптарды жеңілдететін бірқатар қаулыны қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министрлер кабинетінің мүшелері 2007 жылдың 27 қарашасында қабылданған қаулыға өзгертулер енгізу жөнінде шешім қабылдады. Мұндай өзгертулер өндірістік мақсаттарда тез әсер беретін уларды импорттайтын кәсіпорындарға "Лицензия туралы" заңына өзгертулер енгізбей-ақ, уларды сақтауға, сатып алуға және сатуға рұқсат беретін лицензия беріледі. Заңда көрсетілгеніндей, уларды пайдалану үшін, оны өңдеуге және шығаруға лицензия алу қажет", - деп түсіндірді ҚР Индустрия және сауда министр Владимир Школьник.

Сонымен қатар үкімет құрылыс нысандарын салуға рұқсат беретін құжаттарды, тиісті мәліметтер мен оны тіркеу ережесін жеңілдететін бірнеше шараларды енгізу жөнінде қаулы қабылдады. "Бұл жоба шағын және орта кәсіпкерлік иелерінің жоспарлаудың процедурасын тездетіп, құрылыстарды жүргізуге рұқсат беретін құжаттарды алуын жеңілдетеді. Олар үшін нақты мерзім белгіленді",- деп анықтады ИСМ басшысы.

Отырыста сондай-ақ үкіметтің 2007 жылдың 30 маусым айында қабылдаған қаулысына өзгертулер енгізілді. " Онда сәулет және құрылыстың білікті қызмет саласында материалдық техникалық базаны ұзақ мерзімге жалға алу талабы және лицензиялау тәртібін алып тастау қарастырылған ", -деп атап өтті В. Школьник.

Министрлер кабинетінде сондай-ақ, үкіметтің 2008 жылдың 31 қаңтарында қабылдаған қаулысына өзгерту енгізу жөнінде шешім қабылданды. "Қарастырылған жобада басқа аймақтарда бөлімшелері бар кәсіпкерлік иелері лицензиялар мен қажетті құжаттарды заңды тұлғаның негізгі тіркелген орнында бір жерде алуына болады. Сол арқылы құжаттарды тіркеу үшін оның көп уақыты кетпейді", - деп түсіндірді ҚР индустрия және сауда министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны