26.05.2011, 18:20 3597

ҚР үкіметі ҰҚШҰ-на арнайы техника жеткізудің жеңілдік шарттары туралы Келісімді ратификациялады

Аталған келісімнің мақсаты - ұжымды қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін қажетті техника мен құралдарды жеткізудің жеңілдетілген шарттарын жүзеге асыру үшін құқықтық негіз жасайды. Құжатта жеткізілетін арнайы құралдар мен техникалардың есеп айырысу тәртібі оларды қайта сату мүмкіндігі қарастырылады.

Астана. 26 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР үкіметі ҰҚШҰ-на арнайы техника жеткізудің жеңілдік шарттары туралы Келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламентінің жалпы отырысында Сенат депутаттары "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады.

Аталған келісімнің мақсаты - ұжымды қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін қажетті техника мен құралдарды жеткізудің жеңілдетілген шарттарын жүзеге асыру үшін құқықтық негіз жасайды. Құжатта жеткізілетін арнайы құралдар мен техникалардың есеп айырысу тәртібі оларды қайта сату мүмкіндігі қарастырылады.

Құжат ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріктірілген өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ ұйымда қабылданған шарттарды жүзеге асыруға бағытталады.

Сондай-ақ келісім ОҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өңірдегі қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығын нығайтады. Келісімге 2007 жылғы 6 қазанда Душанбеде қол қойылған. Мұндай заң ұйымға мүше 5 мемлекетте күшіне енген.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны