23.05.2008, 19:11 3132

ҚР үкіметі жалған кәсіпкерліктің жолын кесу үшін заңнамаға өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр

ҚР үкіметі жалған кәсіпкерліктің жолын кесу үшін заңнамаға өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкіметі жалған кәсіпкерліктің жолын кесу үшін заңнамаға өзгертулер енгізуді қарастырып жатыр. Бұл туралы мәтіні "Қазақстан Бүгін" агенттігі тілшісінің қолында бар 2007 жылғы бюджеттің орындалуы жөніндегі үкімет есебінде айтылған.

"Қаржы министрлігі "Кейбір заңнамалық актілерге жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жасап, үкіметтің 2008 жылғы заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарына енгізу үшін 2007 жылдың 6 желтоқсанында Иділет министрлігіне келісімін алу үшін жөнелтілген", - деп көрсетілген үкімет есебінде.

Құжатта сондай-ақ, жалған кәсіпкерлікпен күрес мақсатында қазіргі заңды жетілдіру жұмыстарын мемлекеттік органдар үнемі жүргізеді. Атап айтқанда, Иділет министрлігінің бұйрығымен құрылған қазіргі заңды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының 2007 жылдың желтоқсан айындағы отырысында мемлекеттік органдардың жалған кәсіпкерлікпен күрес жөніндегі қазіргі заңды жетілдіру жайлы ұсыныстары талқыланған.

"Қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жалған кәсіпкерлікпен күрес жөніндегі қазіргі заңды жетілдіру бойынша соңғы ұстанымды жолдады", - деп көрсетілген үкімет есебінде.

Сонымен қатар, былтыр желтоқсан айында жалған кәсіпкерлікті тіркеудің жолын кесу мақсатында мемлекеттік мәліметтер базасы аясында жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының мәліметтерін беру механизмі бойынша мемлекеттік органдардың бірлескен өзара іс-қимыл шараларының жоспарын орындау мәселесі жөнінде мемлекеттік органдардың жиыны өткізілген. Бұл ретте үкімет есебінде 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір күндік фирмалардың қызметіне тосқауыл қою мақсатында "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және бөлімшелер мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңның 11-бабының заңды тұлғаларды бірқатар жағдайларда (егер құрылтайшы (жетекші, басшы) қабілетсіз, шектелген қабілетті, із-түзсіз жоғалған, өлді деп жарияланған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстары үшін сотталған, егер жоғалған құжаттар тапсырылса және басқа да жағдайларда) тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту бөлімі бойынша толықтырулар енгізілгені еске салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны