14.06.2013, 13:01 3011

ҚР Үкіметі жаңа Мемлекеттік аудит тұжырымдамасын әзірледі

ҚР Үкіметі мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсауды бақылау саласында жаңа Мемлекеттік аудит тұжырымдамасын әзірлеп, мақұлдады, деп хабарлады Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Б.Жәмішев.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі жаңа Мемлекеттік аудит тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Үкіметі мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсауды бақылау саласында жаңа Мемлекеттік аудит тұжырымдамасын әзірлеп, мақұлдады, деп хабарлады Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Б.Жәмішев.

"Осы Тұжырымдама, сонымен қатар бақылауға бағдарланған мемлекеттік аудит жүйесін енгізуді ғана емес, қолданыстағы басқару жүйесін бағалауды да көздейді", - деді Б.Жәмішев.

Осылайша, Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, жаңа мемлекеттік аудит жүйесі халықаралық стандарттарды енгізуді,

мемлекеттік аудит жөнінде бірыңғай ақпараттық дерек қорларын әзірлеуді, сыртқы және ішкі аудиттің және бақылаудың аражігін ашуды көздейді.

"Үкіметтің ішкі аудит пен бақылау органы ретінде ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органды құру мәселесі қаралып отыр. Басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге көмек көрсету жөніндегі функциялар ішкі аудит қызметтеріне бекітіп берілетін болады", - деп мәлімдеді министр.

Жалпы алғанда, тұжырымдаманы іске асыру бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне, менеджмент сапасын арттыруға, ұйымдардың тәуекелдерін айқындауға және төмендетуге, тексерулер рәсімдерінің қайталануын азайтуға, бірыңғай қағидаттар мен стандарттарды пайдалану кезінде сенімділіктің жеткілікті дәрежесін қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны