22.07.2013, 17:22 3100

ҚР Үкіметі жанындағы ЖҒТК отырысында 2014 жылға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру көлемі бекітілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның отырысы болды.

Астана. 22-шілде. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі жанындағы ЖҒТК отырысында 2014 жылға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру көлемі бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның отырысы болды.

Отырыста 2014 жылға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру көлемі қаралып, бекітілді. Бұл мәселе бойынша ҚР білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов баяндама жасады.

С.Ахметовтің айтуынша, Мемлекет басшысы ғылымға, оның ішінде біздің ғалымдарды инновациялық процестерге, экономиканы дамытуға тарту үшін жағдайлар жасауға айрықша көңіл бөледі.

"Гранттық қаржыландыру байқауының қортындысы көрсеткендей, ұлттық ғылыми кеңестер ұсынылған 6593 өтінімнің ішінен 2115 жобаны таңдап алды. Жобаларды іріктеу барысында тәуелсіз сарапшылар қызметі енгізіліп, оған, ішінде 1759 шетелдік сарапшылар бар, барлығы 2990 сарапшы тартылды", - деді Б.Жұмағұлов.

Министрдің айтуынша, өтінімдер динамикасы ғалымдардың жоғарғы белсенділігін көрсетіп отыр, сонымен, енді жобаларды ғылыми ұйымдармен қатар, жекелеген зерттеушілер де ұсына алады.

"Бұл орайда, өткен жылдары Алматы мен Астана қалалары толық басымдық алған болса, бүгінгі күні жобалардың 40%-ға жуығы өңірлердің үлесіне тиіп отыр", - деп атап көрсетті Б.Жұмағұлов.

Бұдан басқа, ЖҒТК мүшелері 2014-2016 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру, сондай-ақ ғылымды дамыту басымдықтары бойынша жаңа ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны