06.05.2015, 22:58 4252

ҚР Үкіметініӊ 2015 жылға арналған Бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары мақұлданды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов селекторлық режимде ҚР Үкіметініӊ кезекті отырысын өткізді, оныӊ барысында ҚР Үкіметініӊ 2015 жылға арналған Бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары қаралып, мақұлданды

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов селекторлық режимде ҚР Үкіметініӊ кезекті отырысын өткізді, оныӊ барысында ҚР Үкіметініӊ 2015 жылға арналған Бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жоспар Мемлекет басшысыныӊ ү.ж. 5 мамырында берген тапсырмаларын есепке ала отырып әзірленген. Мүдделі мемлекеттік органдармен, Ұлттық банкпен және ұлттық холдингтермен бірге іс-шараларды және орындалу мерзімін нақтылау тұрғысынан Іс-қимылдар жоспарыныӊ сәйкес бөлімдері жете пысықталды", - деді құжат жобасын таныстырған ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ведомство басшысыныӊ мәліметінше, Жоспар екі бөлім бойынша 214 тармақты жүзеге асыруды қамтиды. Бірінші бөлім - бес институционалдық реформа, екіншісі - қазіргі экономикалық саясаттыӊ басымдықтары.

"Бес институционалдық реформа бойынша іс-шаралар Мемлекет басшысыныӊ "Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет" атты 100 нақты қадамын жүзеге асыру бойынша тапсырмасына толық сәйкес жасалды", - деді ол.

Жоспардыӊ 1 бөлімініӊ іс-шаралары бойынша жасалған ұсыныстардыӊ барлығы экономиканы жаӊғырту бойынша Ұлттық комиссияныӊ қарауына енгізіліп, Заӊдардыӊ және нормативтік-құқықтық актілердіӊ қарастырылған жобаларын ағымдағы жылдыӊ маусым-тамызында мемлекеттік органдар әзірлейді, деп түйіндеді Е.Досаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны