09.01.2009, 15:19 3306

ҚР үкіметінің сайтында премьер-министр Кәрім Мәсімовтің жеке блогы өз жұмысын бастады

ҚР үкіметінің сайтында премьер-министр Кәрім Мәсімовтің жеке блогы өз жұмысын бастады

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтің www.government.kz сайтында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің жеке блогы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, блог алғысөзінде Кәрім Мәсімов бұл жобаның негізгі мақсаты - "үкіметтің қызметіне, еліміздегі әлеуметтік - экономикалық жағдайға қызығушылық танытқан пайдаланушыларға қабылдауға ыңғайлы күйде қызықты және тиімді ақпарат беру" екенін атап өтті.

Алдағы уақытта блог сайтты пайдаланушыларға қажетті барлық ақпаратпен толықтырылып отырады.

Сондай-ақ, премьер-министр блог оқырмандарымен кері байланыс орнатуға мүдделілік танытып, сайтқа кірушілерді ой бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны