22.06.2010, 15:27 2984

ҚР ҰҚҚ "Астана-Финанс" АҚ бұрынғы топ-менеджерлерінің үстінен бірқатар қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Астана-Финанс" АҚ бұрынғы басқарушылары мекеме қаржысын жымқырды деген дерек бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізуде",- деп айтылған хабарламада.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today ҚР ҰҚҚ "Астана-Финанс" АҚ бұрынғы топ-менеджерлерінің үстінен бірқатар қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Астана-Финанс" АҚ бұрынғы басқарушылары мекеме қаржысын жымқырды деген дерек бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізуде",- деп айтылған хабарламада.

"2010 жылдың 17-маусымында "Астана-Финанс" АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Исламов Кинталь Кинтальевич пен "Астана-Финанс Банкі" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Ахметов Артур Гайратовичке ҚР ҚК 176-бабында (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүліккін жымқыру) қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағылды",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Таратылған хабарламаға сәйкес, "2010 жылдың 18-маусымында Астана қаласының Есіл ауданының соты "үй тұтқыны" жазасын белгіледі. Тергеу жұмыстары жүргізілуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны