26.11.2009, 17:56 2779

ҚР ҰҚК интернет желісінде Жәкішевтің қатысуымен бейнетүсірілімнің пайда болуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді

ҚР ҰҚК интернет желісінде Жәкішевтің қатысуымен бейнетүсірілімнің пайда болуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді

Астана. 26 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Бас прокуратурасы интернет желісінде "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қатысуымен бейнетүсірілімнің пайда болуына қатысты арнаулы ішкі тексеру жұмыстарын жүргізу жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Интернет-ресурстарда Жәкішевтің қатысуымен бейнетүсірілімнің пайда болу дерегіне қатысты арнаулы ішкі тексеру жұмыстарын жүргізу жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тапсырма берді",- деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

"Қажет болған жағдайда аталмыш тексерулердің қорытындылары бойынша тиісті заңдар негізінде процессуалдық шешім қабылданады. Ол үшін әрине тиісті деректер мен дәлелдер керек. Ал әзірге арнайы тексеру жұмыстарының нәтижелері белгісіз. Нәтиже болған жағдайда біз ол жөнінде көпшілікті хабардар ететін боламыз", деді ресми өкіл.

"Біз бейнетүсірлімдегі Жәкішев деп тап басып айта алмаймыз, расында да осындай бейнетүсірілім жасалды деп те, бұл шынайы бейнетүсірілім, немесе ол жасанды деп те ешкім айта алмайды, өйткені, тексеру әлі де аяқталған жоқ ", -деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қазір "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына қатысты іс бойынша оған қатысушылар іс материалдарымен танысу сатысында. "Жәкішев денсаулық жағдайына байланысты танысу барысында бірнеше мәрте үзіліс жасады, сол себепті істің прокуратураға түсетін және сотқа жіберілетін нақты мерзімі туралы дөп басып айта алмаймын",- деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны