13.11.2006, 16:29 2939

ҚР ҰҚК Ресейден елімізге тұрақты ағаш тасылып келген арнаны жойды

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК Ресейден елімізге контрабандалық жолмен тұрақты ағаш тасылып келген арнаны жойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"Ағымдағы жылдың 6-қарашасына қараған түні ҰҚК қызметкерлері Көкшетау мен Петропавловск қаласында "Жаңажол" кеден бекеті арқылы өткен, бірақ, тиісті ережеге сәйкес рәсімделмеген және ілеспе құжаттары жоқ, ағаш тиелген 47 автокөлікті ұстады",- делінген ҰҚК-нің хабарламасында. "Ұсталған жүк "Жаңажол" кеден бекеті аумағында орналасқан шекаралық және көлік бақылауы мекемелерінде, фитосанитарлық қызметте тіркелмеген",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Осынау контрабандалық арна ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келген. Ағаш тасымалдау жұмыстары "жасыл дәліз" амалымен ешбір кедергісіз жүзеге асырылып отырған".

Қазірде жүк "Жаңажол" кеден бекетінің ауысым бастығының үстінен билігі мен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстанның арнаулы қызметтері ресейлік әріптестерімен бірлесіп контрабандаға Ресей азаматтарының да қатысы болу мүмкіндігін тексеріп жатыр. Сонымен бірге мамандар мемлекетке келген шығын көлемін есептеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны