14.12.2016, 13:36 6250

ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекарашылары тәуелсіздік күнін атап өтті

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде кеше тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде кеше тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

ҚР ҰҚК Төрағасыныӊ орынбасары - Шекара қызметініӊ Директоры генерал-майор Дархан Ділманов бұл күні жеке құрамды мерекемен құттықтай отырып, қызмет барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге наградалар мен громоталар тапсырды, алғыс жариялады, ал кейбіріне кезектен тыс әскери атақ берді.

Шекараны күзету барысындағы әскери-жауынгерлік қызметті жоғары дәрежеде атқарғаны үшін, шекара күзету ісіне өзіндік ерекше үлес қосқандары үшін тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ және Шекара қызметініӊ басшылығы атынан 1270 әскери қызметші түрлі наградалармен, грамоталармен марапатталды.

- Еліміздегі салиқалы саясаттыӊ арқасында тұрақты даму, толерантты өмір қалыптасып отыр, халқымыздыӊ әл-ауқаты артуда, - деп атап өтті ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ Директоры, - тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміз үшін еӊ бір маӊызды бағыттыӊ бірі ұлттық қауіпсіздік болғаны белгілі. Осы міндеттіӊ бір тармағы - еліміздіӊ тәуелсіздігін, егемендігін қорғау, бейбіт күнді күзету міндеті Шекара қызметіне де жүктелді.

Бұл күні ҚР ҰҚК Төрағасы қолынан Шекара қызметі директорыныӊ орынбасары полковник Мұхтар Сәбидолданов ІІ дәрежелі "Айбын" орденін, Шекара қызметі "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасы тәрбие бөлімініӊ аға офицері майор Мақсат Рысдаулетов пен 2036 әскери бөлімініӊ байланыс бөлімшесініӊ радиотелефоншысы ефрейтор Иділбек Рахметов "Ерлігі үшін" медальдарын салтанатты түрде алды. Ал "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалін "Солтүстік" өӊірлік басқармасыныӊ бастығы полковник Жәнібек Төлегенов пен "Шығыс" өӊірлік басқармасыныӊ 2484 әскери бөлімініӊ мотоманеврлік десанттық-шабуылдаушы тобыныӊ бастығы Арман Кәрібжанов алды.

"Ерлігі үшін" медалі шекарашы сарбаздарға адам өмірін құтқарып қалған ерліктері үшін берілді - майор Мақсат Рысдәулетов биылғы жылдыӊ мамыр айында биік үйдіӊ бесінші қабатынан төртінші қабатындағы жалындаған пәтерге ешқандай қорғау құралдарынсыз түсіп, пәтердегі сәбилерді алып шықты, ал ефрейтор Иділбек Рахметов су қоймасында суға батып бара жатқан 5 сынып оқушысын құтқарып қалды.

"Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалімен әскери қызметшілермен қатар шекарашы ардагерлер де наградталды.

"Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күні құтты болсын! Барлықтарыӊызға мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасылық игілік және ұзақ ғұмыр тілеймін! Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақстанныӊ даму тарихында жаӊа бет ашылды - тәуелсіздік жылнамасы басталды, егеменді ел болудыӊ сәті түсті. Алдағы уақытта да тәуелсіздікті тұғырландыра беру біздіӊ басты міндетіміз бола беруі керек!", - деп ерекше атап өтті Шекара қызметініӊ Директоры генерал-майор Дархан Ділманов, - Отан жолындағы адал қызметтеріӊіз үшін барлықтарыӊызға алғысым шексіз. Ируақытта осындай биік белестерден көріне беріӊіздер. Қызметтеріӊіз әрқашан мәнді де мағыналы бола берсін!".

Салтанатты шараныӊ соӊы ҚР ҰҚК Шекара қызметі ансамблініӊ көӊіл толқытар концертіне ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны