13.04.2009, 16:42 3699

ҚР ҰҚК Тергеу департаменті еліміздің қорғаныс министрінің орынбасарына айып тақты (толықтырылған)

ҚР ҰҚК Тергеу департаменті еліміздің қорғаныс министрінің орынбасарына айып тақты (толықтырылған)

Астана. 13 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК Тергеу департаменті еліміздің қорғаныс министрінің орынбасары Қажымұрат Маермановқа айып тақты. Бұл туралы ҰҚК төрағасының баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2009 жылдың 10 сәуірінде ҚР ҰҚК Тергеу департаменті еліміздің қорғаныс министрінің орынбасары Қажымұрат Маермановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-тармағы бойынша, нақты айтсақ, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану салдарынан ауыр зардап шектіру жөнінде айыптады. Искери сот оны тұтқындауға санкция берді", - деді К. Бекназаров.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қорғаныс министрлігі лауазымды тұлғаларының "Найза" дүркіндете ату реактивті жүйелерін сатып алу әрі "Семсер" және "Айбат" артиллерия жүйелерін жаңғырту бойынша "IMI" и "Soltam Systems" израиль фирмаларымен бірқатар келісімшарттарды жасау және іске асыру кезінде жол берген іс-әрекеттерін қылмыстық іс шеңберінде тергеуде. Аталған фирмалардың ресми өкілі Борис Шейнкман болып табылады.

Бұл қылмыстық іс Қорғаныс министрлігінің 82 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері туралы ҚР Есеп комитетінің материалдарын тергеуге дейінгі тексеру қорытындылары бойынша 2008 жылғы тамызда қозғалды.

Тергеуде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маермановтың тікелей басшылығымен келісім-арттардың 2006 жылдан бері жасалғандығы белгілі болды.

"ҚР ҰҚК Тергеу департаменті 2009 жылғы 10 сәуірде Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 380-бабы (лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану және билігін асыра қолдану арқылы ауыр зардаптарға әкеп соқтырғаны) бойынша ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қ.Н.Маермановқа айып тақты. Искери сот аталған іс-әрекеттің жолын кесу шарасы ретінде тұтқындауға рұқсат етті",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны