01.09.2010, 13:32 5263

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды

Астана. 1 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне, Қабдылкәрім Ратайұлы Ибдіқазымов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Мемлекет Басшысының Өкімімен Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Қабдылкәрім Ратайұлы Ибдіқазымов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, елбасының өкімімен Нұржан Рахметханұлы Жігітеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны